Нормативтік құжаттар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының кітапхананы пайдалану ережесі


 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ Басқарма отырысының шешімімен
бекітілген
 23 қазан  2012 жыл  №50

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының кітапхананы пайдалану ережесі

1.     Жалпы ереже 

1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалдарының кітапхананы пайдалану Ережесі (ары қарай-кітапхана)   2012 жылдың 16 тамызындағы Басқарма отырысының №33 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (ары қарай-ДББҰ) білім беру қызметі Ережесіне сәйкес жасалды.     

2. Аталған Ереже ДББҰ Зияткерлік мектеп кітапханаларында оқушылар, мұғалімдер, әкімшілікке (ары қарай - Пайдаланушылар) қызмет көрсетудің жұмысын ұйымдастыруды анықтайды.   

3. Кітапханашылар пайдаланушыларға кітапхана қорындағы қағаз, қолжазба құжаттары, графикалық, аудиовизуалды материалдар, электронды, бағдарламалық қамтамасыз ету құжаттарына (ары қарай – Ресурстар) ашық қолжетімділік қызметін ұсынады.

 2.     Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері  

5. Кітапхана қызметінің негізгі міндеттері:  

1) оқушылар мен мұғалімдерге кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы, оқу-тәрбие процесін және өздігінен білім алуды қамтамасыз ету;

 2) оқушыларда тәуелсіз кітапханалық-ақпараттық пайдаланушы дағдыларын қалыптастыру;

3) өзіндік және зерттеу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау;

4) дәстүрлі және жаңа кітапханалық технологияларды меңгеруді жетілдіру.

 3.     Кітапхананы  пайдаланушылар

6. Кітапхананы  пайдаланушыларға:

1)       ДББҰ филиалдарының педагогикалық құрамы (ары қарай – Зияткерлік мектептер);

2)       Зияткерлік мектеп оқушылары;

3)       ДББҰ, филиал, еншілес ұйымдардың қызметкерлері жатады;

4)       Осы тармақтың 1)-3) тармақшасында аталмаған тұлғалар қысқа мерзімге келген қонақтар, Зияткерлік мектеп аясында семинар, конференция, кездесу, сондай-ақ жалпы білім беру мектептерінің оқушылары Зияткерлік мектеп директорының қолы қойылған уақытша оқырман билеті болғанда қызмет көрсетіледі (Қосымша 1).

7. Кітапханаға қолжетімді Қолданушы  кітапхана қорымен және оқырман залында жұмыс жасап, кітапханашыдан кеңес алу мүмкіндігі бар. 

 4.     Кітапханаға бару және қызмет көрсетуді ұйымдастыру тәртібі 

 8. Кітапханада пайдаланушыларды тіркеу:

           1) оқушылар үшін – жеке сынып бойынша;

           2) педагог және мектеп қызметкерлері үшін – жеке куәлікпен;

           3) өзге пайдаланушылар үшін – жеке куәлікпен жүргізіледі.

          9. Пайдаланушылар тіркелу кезінде Кітапхананы пайдалану ережесімен танысады. 

          10. Жыл сайынғы оқу жылының басында Кітапхана пайдаланушыларды қайта тіркеуден өткізеді. Қайта тіркеуден өтпеген Пайдаланушыға қызмет көрсетілмейді.

          11. Электронды пошта Кітапхана мен Пайдаланушы арасындағы қарым-қатынастың бірден бір құралы. Қолданушылар кітапханашылардың келісімімен байланысқа шығудың басқа да тәсілін қолдануына болады, алайда кітапхана пайдаланушының хабарламаны алмағаны үшін жауап бермейді.    

         12. Кітапханашы ресурсты пайдаланудың мерзімі аяқталардан 5 күн бұрын, пайдаланушының электронды поштасына ресурсты қайтару туралы ескерту жібереді. Егер кітапханаға ресурс өз мерзімінде қайтарылмаса, кітапханашы оқушының заңды өкілдері сыныптың куратор, тьюторға ресурсты 3 күн мерзімінде қайтару туралы жазбаша талап жібереді (Қосымша №2).

         13. Кітапхана пайдаланушылары кітапхана белгілеген мерзімде кітапты өткізбесе, қарыздар ретінде кітаптарын толық тапсырмайынша қызмет көрсетілмейді.    

         14. Кітапхана пайдаланушылары ресурсты қайтаруда 5 күнге кешіктірсе, кешіктірген күндерге сәйкес, өзге ресурсты пайдалану құқығынан айрылады.                    

         15. Кітапхана пайдаланушысы ресурсқа зақым келтірген жағдайда немесе жоғалтқан жағдайда сол ресурсқа тең бағада оны орнына қояды. Ресурсты орнына қоймаған жағдайда, нарықтық бағасындағы 10 есе мөлшерде орнына қояды.     

          16. Кітапханаға пайдаланушы кірген жағдайда өзінің келгенін міндетті түрде ескертуі қажет. 

17. Кітапхана пайдаланушылары ақпараттық сұраныстарды орындайды және қызмет көрсетуде басымдыққа ие болады.  

           18. Пайдаланушылар оқырман залынан алған ресурсты кітапхана жабылардан 10 минут бұрын кешіктірмей тапсыруы тиіс.   

           19. Пайдаланушылардың талаптарына байланысты кітапханада болмаған қажетті ресурсты кітапхана меңгерушісі ДББҰ жылына - 2 рет тапсырыс беру арқылы алуына болады.    

          20. Пайдаланушыларға компьютерлік бағдарлама, компакт-дискілер (СD), электронды оқулықтар, электронды мәліметтер базасы, бейнематериалдар мен фильмдер ұсынылады.  

          21. Кітапхананың оқу залында дербес компьютермен жүмыс жасаушы пайдаланушылар: 

         1) кітапханашының тіркеу журналында тіркелуге;   

         2) жұмыс жасау барысында жұмыс үстелінде құрылған файлдарды өшіріп тастауға,   

         3) жұмыс жасап аяқтаған соң пайдаланылған бағдарламаларды, барлық құжаттарды жабуға міндетті.

 5.     Пайдаланушылардың құқығы мен міндеттері

         22. Кітапхана пайдаланушылары:

1)       кітапхана қорының құрамы жөнінде электронды каталог жүйесі, мәліметтер базасы және өзге де ақпараттың түрлері арқылы толық ақпарат алу;

2)       ақпарат көздерін іздеу және іріктеуде кеңес алу;

3)       кітапхана қорынан ресурстарды уақытша пайдалануға алу;

4)       ресурстарға пайдаланушылар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда, пайдалану мерзімін ұзарту;

5)       компьютерді кітапхананың жергілікті торап желісіне қоспай-ақ, дербес қолдану;

6)       кітапханада ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу;

7)       кітапхана қызметін жақсартуға байланысты өзінің ұсыныстарын енгізіп, кітапханада құрылған клуб, әуесқой бірлестіктер қызметіне қатысу және көмек беру құқықтарына ие.

          23. Кітапхананы пайдаланушылар:

1)       аталған Ереже  талаптарын сақтауға;

2)       ресурсты ұқыпты ұстауға, кітап бетін жыртпауға, бетін қайтармауға, белгілемеуге, мультимедиялық ресурстарды бүлдірмеуге және белгіленген мерзімде кітапханаға қайтаруға;

3)       кітапханадан кітапханашының рұқсатынсыз ресурстарды алуға;

4)       техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету мүлкіне, құрал-жабдықтарға ақпарат көзін тасымалдаушы құралдарға; компьютерде жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасын сақтауға;

5)       ашық қолжетімді жердегі кітапхана қорындағы орналастыруды бұзбауға;

6)       ресурсты немесе басқа да ақпараттық тасымалдау құрылғысын алуда белгілі бір кемшілік байқалса, кітапханашыға хабарлап оны сәйкесінше жөндеуге міндетті. Болмаса пайдаланушы ресурсты қайтаруда кемшілігі үшін өзі жауап береді;

7)       Кітапхана қорынан ресурс жоғалған жағдайда немесе оған зиян тиген жағдайда, сондай ресурс немесе тең бағамен орнына қойылады;

8)       Кітапхана бекіткен тәртіпке сәйкес қайта тіркеуден өту қажет;

9)       Кітапхана қызметкерлеріне, пайдаланушыларға әдептілік қарым-қатынас көрсету;

10)           Тыныштық, тазалық, тәртіп сақтау;

11)           Кітапханашыға өзінің байланыс мәліметтерінің ауысқандығы жөнінде 10 күн ішінде хабарлауы тиіс;

12)           Оқу жылының соңында алған ресурстарының барлығын кітапхананың белгілеген мерзімінде тапсырып, кітапқа қарыз еместігін растайтын анықтама қағазына қол қойғызуы қажет. Жаңа оқу жылында пайдаланушыларға кітапқа қарыз еместігін растайтын анықтама қағазына қол қойғызғаннан кейін қызмет көрсетіледі.   

           24. Пайдаланушыларға:

            1) Кітапханаға сырт киіммен және бас киіммен, портфель, сөмкемен т.б. кіруге;

2) Кітапханаға тамақ өнімдерін, аузы  жабылмайтын сусындарды алып кіруге;

     3) Кітапханада сағыз шайнауға;

          4) Кітапханаға біреудің атынан жазылып ресурс алуға немесе өз құжаттарын осы мақсатта өзгелерге беруге;

           5) Кітапханадан оқырман формулярына немесе есеп құжаттарына тіркемей ресурс алуға;

           6) Кітапхана жиһаздарына, құрал жабдықтарына басқа да мүлкіне зиян келтіруге тыйым салынады.

          25. Пайдаланушы ресурс және компьютер құрылғыларын істен шығарған жағдайда, материалдық жауапкершілікке тартылады.

 6.     Кітапхананың қызмет көрсетудегі құқығы мен міндеттері   

          26. Кітапхана келесі құқықтарға ие:

1)       кітапхананы пайдалану Ережесін бұзған жағдайда осы Ережеде қарастырылған тәртіпте Пайдаланушыларды жауапкершілікке тартады;

2)       пайдаланушыға бұрын берілген, қолдану мерзімі аяқталған ресурстарды қабылдап алғаннан кейін, басқа ресурстарды береді;

3)       сақтау деңгейі төмен немесе өте құнды ресурсты көшірмеге түсіру және беру мүмкіндігіне шектеу енгізеді;

4)       кітапханаға пайдаланушы келтірген шығынының өтемақы түрі мен көлемін анықтайды.

           27. Кітапхана:

1)       Ережеге сәйкес пайдаланушыға қызмет көрсетуге;

2)       Пайдаланушыға көрсетілетін қызметтің барлық түрінен ақпарат беруге;

3)        Пайдаланушылардың мүддесін ескере отырып, қызмет көрсету технологиясын жетілдіруге;

4)       Кітапханада пайдаланушылар жұмысы үшін қажетті жағдай қалыптастырып, қолдау көрсетуге;

5)       Пайдаланушының кітапхана қорына еркін қолжетімділігін және ресурсты уақытша пайдалануға беруін қамтамасыз етуге;

6)       Пайдаланушыларға жоғары қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге;

7)       Пайдаланушылардың талаптарын меңгеру, оның ішінде қажетті ресурстарға мониторинг және талдау жасап, ДББҰ жасаған талдауына сәйкес  тапсырыс пен есепті ұсынуға;

8)       Негізгі баспалармен қарым-қатынас орнатып, жаңа басылымдарды меңгеруге;

9)       Жыл сайын директордың оқу ісі және ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, басқа да өкілетті тұлғалардың қатысуымен алдағы жылға арналған қажетті әдебиеттер тізімін анықтау мақсатында әдістемелік кеңес ұйымдастыру, оқу әдебиеттерін пайдаланудың нұсқаулары мен сұраныстарына талдау жасауға; 

10)   Кітапхана қорын насихаттау, оқырманның кітапқа деген қызығушылықтарын дамыту және ынталандыруға;

11)   Алдыңғы қатарлы технологиялар мен компьютерлендіруді енгізе отырып, пайдаланушыларға кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуді жетілдіруге;

12)      Бекітілген Ережеге сәйкес, кітапхана қорындағы ресурстарды есепке алу, сақтау, пайдалану және оның тиімді пайдалануын, сақталуын қамтамасыз етуге;

13)      Пайдаланушыларға берілген ресурстардың уақытылы қайтарылуын бақылауға;

14)      Өз қорының сақталуына жауапкершілік және демалыс уақытысында кітапхана қорын ретке келтіруге;

15)      Ресурстарға жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға (кітаптың жыртылған, беті түсіп қалған беттерін, мұқабасын желімдеу, түптеу тағы басқа);

16)      Жылдың басында оқырмандарды жыл сайынғы қайта тіркеуден өткізуге міндетті.

          28. Кітапхана мектеп меншігінің бөлігі ретінде кітапхана қоры және оның мүлкін пайдалану, уақытылы есепке алу, сақталуына жауап береді.

7.  Ресурстарды пайдаланудың тәртібі

           29. Кітапханадан тыс ресурстарды уақытша пайдаланудың мерзімі, берілетін басылымның пайдалану және саны шектеулі:

           1) оқу әдебиеттері оқылатын пәнді меңгеру мерзіміне сәйкес (жыл басында міндетті түрде қайта тіркеуден өту);

           2) әдістемелік әдебиеттер бір ай мерзімге беріледі, егер саны жағынан жеткілікті болса меңгерілетін пәннің мерзіміне сәйкес беріледі (жыл басында міндетті түрде қайта тіркеуден өту);  

           3) сыныптан тыс әдебиеттер (көркем, ғылыми-танымдық, танымдық әдебиеттер) - 3 данаға дейін 15 күнге беріледі;

            4) данасы аз ( 5 данаға дейін) оқу әдебиеттері 5 күнге дейінгі мерзімге беріледі.

            30. Ресурстарды пайдалану мерзімі пайдаланушылар тарапынан сұраныс аз болған жағдайда ұзартылады, басылым бір данадан болса немесе жоғары сұраныста болса пайдалану мерзімі қысқартылады. 

           31. Кітапхананың оқу залында пайдаланылатын кітап қоры кітапханадан тыс жерде уақытша пайдалануға берілмейді.    

           32. Кез-келген уақытта кітапханадан алып кетуге болмайды:

1)   Мерзімді басылымдар;

2)   Географиялық карталар;

3)   Негізгі анықтамалық басылымдар: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар т.б.

           33. Оқу залында оқырманның пайдаланатын ресурстар саны шектелмейді.

           34. Оқушыларға оқулықтар мен оқу құралдарын тарату тәртібі:

           1) Оқу жылының басында оқулықтар тарату оқушылардың тізімі бойынша кітапханалық КАБИС бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады;

           2) Әрбір алынған оқулықтар үшін, Пайдаланушы оқу формулярына қол қойып кітапханашыға өткізеді;

           3) 25 мамыр мен 30 мамыр аралығында Пайдаланушы оқулықтарды жеке тапсырады және кітап қарыз еместігін растайтын құжатты толтырады;

           4) Мектептен оқудан кеткен пайдаланушылар алған ресурстарын кітапханашыға жеке тапсырады және кітап қарыз еместігін растайтын құжат  толтырады. 

           5) данасы аз оқу әдебиеттері жыл бойына мұғалімнің жауапкершілігіне жүктеліп кабинетке сабақта пайдалану үшін беріледі.

            35. Пайдаланушылар кітапханадан алған ресурстарды оқу залында сондай-ақ кітапханадан тыс жерлерде жоғалтып алған жағдайда немесе бүлдірген және басқа да зиян келтірсе жауапкершілік алады. 

            36. Кітапханадан алынған ресурстарды өзгелерге беруге тыйым салынады. 

8.     Компьютерді пайдалану

             37. Кітапханадағы компьютерлер ғылыми мақсатқа және ақпарат іздеуге пайдаланылады. Компьютерлердің бір бөлігі тек электронды каталогта ақпарат іздеу үшін пайдаланылады.   

             38. Кітапханалық компьютер құралдары немесе кітапханадағы кез-келген құрылғы зақымданған жағдайда, тез арада Зияткерлік мектеп әкімшілігіне хабарлау қажет.  

             39. Жұмыс жасау барысында компьютер істен шықса пайдаланушы кітапхана меңгерушісіне хабарлауы қажет. Кез-келген компьютерде бағдарламаға және аппаратқа өз еркімен өзгеріс енгізуге жол берілмейді.       

 9.       Пайдаланушылардың жауапкершілігі

            40. Кітапхана белгілеген мерзімге сәйкес ресурстарды бірнеше мәрте қайтармаған жағдайда, Пайдаланушыға алдын-ала ескерту жасайды.

            41. Кітапхана ғимаратынан ресурсты рұқсатсыз алу мүлікті ұрлау болып  табылады. Зияткерлік мектеп әкімшілігі кітапхана тәртібін бұзушыға шара қолданады.

            42. Осы ережені қасақана бұзған пайдаланушы кітапханаға орны толмас зиян келтірген жағдайда, Зияткерлік мектеп әкімшілігі оны кітапхананы пайдаланушылар қатарына қайта тіркеуден айыруына құқығы бар.

 10.        Кітапхананың жұмыс уақыты

            43. Кітапхана дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8:00-ден 20:00 дейін, сенбі күні үзіліссіз сағат 8:00-ден 15:00 жұмыс жасайды.    

           44. Демалыс кезінде кітапхананың жұмыс уақытысы – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00 дейін, сенбі күні - сағат 9:00-ден 15:00.  Әрбір айдың соңғы күні – тазалық күні. Әрбір айдың соңғы бейсенбісі- әдістемелік күн болып саналады.  

11.        Кітапхананы пайдаланудың басқа да шарттары

        46. Пайдаланушы ережені бұзған жағдайда Зияткерлік мектеп әкімшілігі пайдаланушының қолындағы ресурсты жеделдетіп қайтаруын талап ету құқығы бар.   

         47. Кез-келген пайдаланушы қабылданған ережеге сәйкес, кітапхана қызметкерінің шешімімен келіспеген жағдайда, Зияткерлік мектеп әкімшілігіне шағымдануына болады.     

        48. Аталған ережеде кез-келген өзгертулер кітапхананың ақпараттық экранында және хабарландыру тақтасында ілінуі керек. Сондай-ақ ережедегі кез-келген өзгертулер порталдың бастапқы бетінде онлайн тәртібінде қолжетімді болуы қажет.  

        49. Кітапханаға қатысты барлық негізгі хабарламалар Зияткерлік мектеп порталында қолжетімді болуы қажет.  


Қаралым: 18094
Жарияланған: 17 Сәуір