Халықаралық Бакалавриат

Халықаралық Бакалавриат


 Халықаралық Бакалавриат үздіксіз әрі сапалы білім алу мен шетелдің беделді жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін ерекше білім беру жүйесімен әлемге әйгілі. Халықаралық Бакалавриаттың  тағы да бір абзал тұсы – тәлім мен тәрбиенің толассыз жалғасуы және  мақсатты оқыту мазмұнымен астасып жатуында. Халықаралық  Бакалавриат оқушылары күрделі сұрақтар қоюға, сын тұрғысынан  ойлауға, зерттеу дағдыларын дамытуға үйренеді, қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы болады.

Оқытушылар ұжымы өз тәжірибелерін сараптай келе  оқушылардың жеке тұлғалық сұрақтарды қабылдау мүмкіндігін есепке ала отырып, ұлттық таным мен патриотизмді қалыптастыру арқылы  халықаралық хабардарлықты дамытатын оқу бағдарламаларын өздері жасау  мүмкіндігіне ие. 

 Оқу бағдарламаларын үздіксіз қарап, толықтырулар мен өзгерістер енгізуге болады. Қазақстандық мектептер үшін бағдарламаның басты ерекшелігі – өлшемдік бағалау болып табылады. Бағалаудың бұл түрі бала жетістігін әділ де дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Дипломдық бағдарлама – оқушыға көптеген шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге құқық беретін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Оқыту 2 жылды қамтиды (11-12 сыныптар), оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазіргі күні Дипломдық бағдарламаның болашақ оқушыларына келесі пәндерді ұсынады:

 

1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

5-топ

6-топ

Орыс тілі (ЖД)

Ағылш.тілі (ОД)

Тарих  (ОД)

Биология (ОД)

Математика (ОД)

Бейнелеу өнері (ОД)

Орыс тілі (ОД)

Ағылш.тілі (ЖД)

Тарих (ЖД)

Биология (ЖД)

Математика (ЖД)

Бейнелеу өнері  (ЖД)

Ағылш.тілі (ОД)

 

ITGS  (ОД)

Химия (ОД)

   
   

ITGS  (ЖД)                            

Химия (ЖД)

   
     

Физика (ОД)

   
     

Физика (ЖД)

   

Ескерту: ЖД-жоғарғы деңгей, ОД- ортаңғы деңгей.

Бұдан басқа Дипломдық бағдарлама төмендегі міндетті курстарды да қамтиды:  ТоК (таным териясы), extended essay (кеңейтілген эссе) и CAS (шығармашылық, іс-әрекет, қоғамға қызмет ету).

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  ҚР орта білімнің сапасын көтеру мен әлемдік білім қоғамдастығына кіру мақсатында ХБ философиясымен бөліседі. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ХБ ДБ авторизациясын алған оқу ордасы.

 Халықаралық стандарттарға сай білім беру сапасын жетілдіру мен оптимизациялау мақсатында мектеп ұжымы авторизация алу үшін төмендегі жұмыс кезеңдерін жүзеге асырды:

  • 2011 жылдың 29 наурызында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен мүдделі мектеп үлгісі жіберілді  (school interested form).
  • 2011 жылдың 29 наурызында «кандидат- мектеп» мәртебесін алуға өтініш берді;
  • 2011 жылдың 15 қарашасында мектепке  «кандидат-мектеп» мәртебесі берілді; қажетті нормативті құжаттар жасалды;
  • 2012 жылдың 7 – 8 қыркүйегінде ресми кеңесшінің сапары болды, авторизациялануға жүргізіліп жатқан дайындықтарға жоғары баға берілді;
  • 2012 жылдың 19 қазанында авторизациялануға өтініш берілді.

 

Халықаралық Бакалавриаттың негізгі миссиясына сай Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз миссиясын жасап шығарды. Осы миссия бойынша мектеп барлық қатысушылары мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алуға және жоғары адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғамды тәрбиелеуге ұмтылады.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін Дипломдық Бағдарламаны енгізудің маңыздылығы мынада:

  • оқушылардың  әлемдегі озық университеттерге түсуге мүмкіндік алуы;
  • оқу бағдарламаларының теңгерімділігі;
  • пәнаралық байланыс;
  • пәндердің ағылшын тілінде жүргізілуі;
  • оқу пәндерін таңдау;
  • өлшемдік бағалау;
  • мәдениетаралық түсіністік пен үздіксіз білім алу;
  • өмірде қажет болатын дағдыларды қалыптастыру;
  • саралап оқыту.

2013 жылдың 3 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне авторизациялық команда ресми сапармен келіп кетті. Жұмыс  барысында мектеп ұжымы авторизациялық командаға ХБ Дипломдық бағдарламасына дайындықтары мен жүргізіп жатқан жұмыстары туралы  құжаттарды ұсынды.  Авторизациялық команданың тексеру нәтижесі бойынша мектеп ХБ талаптарына сай екендігі туралы қорытынды есеп берілді және авторизациядан ойдағыдай өтіп, Дүниежүзілік Халықаралық Бакалавриаттың мектебі мәртебесіне ие болды.  


Қаралым: 13234