Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

2013 жылдың 22 мамыры мен 12 маусымы аралығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң «Педагогикалық өлшеулер орталығы» Филиалы 2 (орта) деңгей бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдерінің Біліктілігін арттыру курстары (бұдан әрі – Курстар) кезінде мұғалімдер мен тренерлердің қызметін бағалау рәсімі мен 2013 жылдың 9 маусымында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ң «Педагогикалық шеберлік орталығы» (бұдан әрі – ПШО) мен оның Ақтөбе, Алматы, Өскемен қалаларындағы филиалдары базасында Біліктілік емтиханын өткізуді жоспарлап отыр.

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

2011 жылғы 5-6 желтоқсанда сағат 10.00 «Көрме» орталығында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз конференциясының өткізілетіндігі туралы

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

2013 жылдың 16 ақпанында сағат 11.00-де бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылуына шақырылады (Қайтпас-2 шағын ауданы, Тұлпар коттедж қалашықтың қасында). Білім нысанының ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Мырзахметов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова, Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Қаракөз Әбдірахманова, Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Балқан Қасымов қатысады.

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

2013 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де Батыс-2 шағын ауданы мекен жайы бойынша Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі өз есігін айқара ашады. Бұл - Мемлекет басшысының бастамасымен ашылғалы отырған республикамыздағы оныншы Зияткерлік мектеп. Білім беру нысанының ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова және Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Сәуле Өмірбекова қатысып, мектептің оқушылары мен олардың ата-аналары алдында құттықтау сөз сөйлейді деп күтілуде.