Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


 2012 жылдың 4 сәуірінде сағат 09.00-да Астана қаласы, Түркістан көшесі 2/1 үйде орналасқан физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің конференц - залында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары жұмысын бастайды. Астанамен бірге тікелей трансляция арқылы курстар Семей, Көкшетау, Өскемен, Талдықорған, Орал, Павлодар, Тараз, Шымкент, Ақтөбе қалаларында басталады. Іс-шараға бір мыңнан астам адам қатысады. Енді әр қазақстандық мұғалімге Педагогикалық шеберлік орталығымен Кембридж Университеті бірлесіп әзірлеген оқудағы жаңа әдістемелер мен технологиялар қолжетімді.   

Ал Астанадағы курстарға Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік – Қазақстан облыстарынан келген жалпы білім беретін мектептердің 256 мұғалімі қатысады. Өз тәжірибелерін оларға білімдегі жаңа технологиялар мен әдістемелер бойынша арнайы дайындалған қазақстандық тренерлер үйретеді. Олардың ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ, өңірлік біліктілікті арттыру институттарының сарапшылары және тағы басқалар бар. Бұл тренерлер «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесі арасында жасалған келісім шеңберінде Кембридж Университеті білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген 3 негізгі деңгейдегі арнайы 3 айлық бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 3000-нан астам мұғалімін оқытуды бастайды.

Сабақтарды шағын топтарда (25-30 адам) «face to face» («бетпе-бет») аудиториялық оқыту және қашықтықтан оқыту (онлайн режімде) түрінде өткізу көзделген. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы тыңдаушыларды қажетті материалдармен: қазақ және орыс тілдеріндегі «Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық», «Қашықтықтан оқыту кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалармен» қамтамасыз етеді.

Жалпы орта мектеп білім саласының іргетасы болып саналады. Оқушы алатын негізгі білім және икемділік деңгейі көбінесе оның болашағын  айқындайды. Қазіргі мектептің даму траекториясы өзгеріп, ол заманауи әрі өзекті мәселелерді шешуі қажет.

Сыни тұрғыдан ойлауға, оқыту және оқуды бағалау, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды қолдау, білім берудегі менеджмент - міне әлемдегі қазіргі  білім жүйесі  осы тәсілдер бойынша дамуда. Бұл инновациялық әдістер Қазақстанның  жалпы білім беретін мектептер педагогтеріне арнайы біліктілік арттыру курстар аясында  оқытылады. Оқушы оқу процесінің енжар қатысушысы болған заман өтті, енді мұғалімнің басты мақсаты баланы өз бетімен оқуға, шығармашылық қабілетін дамытуға  үйрету.

Курстың өтетін мерзімі: 2012 жылдың 04 - 28 сәуір аралығында. 

Қосымша ақпарат Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz сайтында орналасқан.

Баспасөз қызметінің телефондары: Ахметова Әлия – 87015007395, e-mail: akhmetova_a@nis.edu.kz, Қали Айгерім – 87013909688, e-mail: kali_a@nis.edu.kz                  

Білім беру жүйесінде басқарудың заманауи нысанын енгізу, инновациялық білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті академиялық еркіндік пен автономдылықты дамыту үшін 2011 жылғы 19 қаңтарда ««Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 647 қаулысымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» акционерлік қоғамы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы болып қайта ұйымдастырылды.

Миссиясы: ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету.

Ұстаным: Жаратылыстану-математикалық оқудың классикалық дәстүрлері мен әлемдік педагогикалық тәжірибенің заманауи жетістіктерін үйлестіретін білім берудің инновациялық көптілді моделі. Модель патриоттықты тәрбиелеуге, білімді, өнегелі, сыни тұрғыдан ойланатын, өзін өзі дамыту мен шығармашылыққа ұмтылатын физикалық және рухани дамыған азаматтың қалыптасуына ықпал ететін білім беру және дағдыларды дамытуға бағытталған.

 


Қаралым: 1582
Жарияланған: 02 Сәуір