Баспасөз-релиздер

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ


 2012 жылдың 17 наурызында  сағат 09.00-да Астана қаласы Қабанбай батыр д., 53               Назарбаев университетінде  «ІІ Наурыз кездесулері» өтеді.  Шараның мақсаты - оқушылардың биологиядан, химиядан білімдерін тереңдету және кеңейту, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту және ғылымға тарту болып табылады. Бұл атаулы  бағдарлама екі күнге созылмақшы, онда қазақстандық және шетелдік ғалымдар  9-10 сынып оқушыларына ғылыми-танымдық дәрістер оқиды, әрі олардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру мақсатында химия, биология мұғалімдеріне шеберлік сыныптарын өткізеді. Қазақстанның барлық тарасынан жалпы білім беретін орта мектептердің, дарынды балаларға және Назарбаев Зияткерлік мектептердің оқушылары Астана қаласында жиналды. Биология және химия пәндерінің 30 мұғалімі, олимпиадаларының, конкурстардың ғылыми жобалардың 30ға жақын жеңімпаздары қатысты. Бірінші күні мұғалімдер мен оқушылар алдында "Назарбаев Университеті" ДББҰ биология және химия департаментінің директоры, б.ғ.д. Әлібек Кеннет, Колмогоров атындағы МҒОО химия кафедрасының меңгерушісі Морозова Н., ҚР Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық диагностиканың штаттан тыс маманы, АБҰҒО медициналық генетика зертханасының меңгерушісі, м.ғ.д., доцент, Әбілдинова Г. ғылыми дәрістерін оқыды. Екінші күні Колмогоров атындағы МҒОО биология кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.д Сергеева М., В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, б.ғ.д Чуб В., "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" АҚ Басқарма төрағасы, профессор, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Әдекенов С., «Қазақстан Республикасы ұлттық биотехнология орталығы" РМК бас директоры, PhD Раманқұлов Е.,  «КазАгроИнновация» АҚ қызметкерлері б.ғ.к. Абсаттарова А., а/ш.ғ.к. Абсаттар Т. баяндаманы жасайды.

Сонымен қатар, «ІІ Наурыз кездесулері» бағдарламасы бойынша мектеп оқушылары Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында, Биотехнология ұлттық орталығында, «ҚазМұнайӨнімдері» АҚ сынақ зертханасында, Санитарлық эпидемиологиялық сараптау орталығында, Дәрі- дәрмек құралдары мен медициналық тағайындауларды, техникаларды сараптама жасау ұлттық орталығында, «Қазақстандық метрология институты» РММ зертханалық жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Балалар  тәжірибелер өткізіп, жүргізілген тәжірибелердің барысын бақылай алады, сонымен қатар аталған ғылым саласын тереңірек зерттеуге мүмкіндік алады.

Наурыз кездесулерін өткізу дәстүрі 2011 жылдың 28-29 наурызынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай бастау алған болатын. Бағдарламада қазақстандық және шетелдік ғалымдар 9-10 сынып оқушыларына ғылыми-танымдық дәрістер оқыды, әрі олардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру мақсатында физика мұғалімдеріне шеберлік сыныптарын өткізді, физиканы оқытудың әдістемесі бойынша оқыту семинарларын өткізді. «Наурыз кездесулерін» ашу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Жұмағұлов Б.Т қатысты.

 «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Баспасөз қызметі 8 (7172) 705 805, 8 701 390 96 Айгерім Қали (kali_a@nis.edu.kz).

Қазіргігі заманға сай білім саласына  басқару формаларын енгізу үшін, жалпы білім инновациялық бағдарламаларды және ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін қажет академикалық пен автоном еркіндігі дамуы үшін 2011 жылы қаңтардың 19 «Статус туралы «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Фонд» туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Заңды өз күшіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкімет қаулымен 2011 жылы маусымның 9-нда №647 акционерлік қоғам «Назарбаев Зияткерлік мектептері» қайта автономдык білім ұымына құрылған.

 Миссиясы: ұлттың интелектуалды әлуетін дамуына қол беру.

Көрінісі: Инновациондық политілдік білім моделі, ішіндегі табиғи-математика оқытудың және әлемдікпедагогикалық практикасының  қазіргі жетістіктердің классикалық дәстүрлерімен бірге. Модель отаншылдықты, дамуғы және шығармашылыққа ұмтылған, рухани мен дене жағынан дамыған білімді, жоғары адамдық азаматшаның тәрбиелеуіне мақсатталған.

 

 

 


Қаралым: 1496
Жарияланған: 15 Наурыз