Жаңалықтар

Ұстазымыз «Ел мақтанышы» аталымына ие болды!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кездесуде еліміздің талантты жастары мен білім бәйгелеріне дайындаған ұстаздар Елбасы Қоры сыйлығымен марапатталды. Қуантарлық жайт, осы шарада Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, химия пәнінің эксперт-мұғалімі Ирина Бабич «Ел мақтанышы» арнайы сыйлығына ие болды! Білім бәйгелерінде оза шапқан өрендерді дайындаған белді ұстаздардың бірі ретінде танылған Ирина Михайловнаны және түлегіміз Даниил Мельниченконы шын жүректен құттықтаймыз!
28 Қараша

Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жобалары Мәскеуде жеңіске жетті

Мәскеуде өткен «IT-білім беру жүйесіндегі инновациялық ақпараттық-педагогикалық технологиялар» атты IX Халықаралық конференция-байқауында Тараздағы Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің жобалары үздік деп танылды.
28 Қараша

Баспасөз орталығының картасы қайталанбас туындымен толықты

Маусым айында Зияткерлік мектептердің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанның NIS ашылған әр өңірдің ең көрікті жерлері мен басты символы бейнеленген эксклюзивті таркелкалардан бірегей карта жасалғаны туралы ақпарат жарияланған болатын.
27 Қараша

"Күн энергиясы мектептерге" жобасы жүзеге асуда

25 қарашада «Күн энергиясы мектептерге» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Зияткерлік мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.
26 Қараша

НЗМ Ұлыбританияның беделді ЖОО тарапынан мойындалды

Loughborough University бакалавриат бағдарламаларының бірінші курсына тікелей түсуге жарамды біліктілік тізбесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып Сертификатын қосты. Зияткерлік мектептерінен оқуға түсушілерге ақпарат және талаптар тізімі университеттің ресми сайтында жарық көрді
22 Қараша