Жаңалықтар

CIS қолдауымен кәсіптік бағдар берушілерге арналған семинар өтті


Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаменті және CIS (Халықаралық мектептер кеңесі) Нұр-Сұлтан қаласында бірлесіп өткізген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің кәсіби бағдар беру кеңесшілеріне арналған семинар аяқталды. Семинарға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Негізгі тақырып Зияткерлік мектептерде кәсіби бағдарлауды жетілдіру болды. Назарбаев Университеті мен Швейцария жоғары оқу орындарына түсу ережелері туралы НУ-дан Гаухар Дюзелбаева мен Swiss Education Group ұйымынан Дастан Сейтказин сөз сөйледі. BTS Education өкілі Алмас Кигизбаев өз сөзін Қазақстанда жаңадан жасалып жатқан мамандықтар атласына арнады. Корпоративті коммуникациялар департаментінің қызметкері Әлия Абкенова студенттерге мамандық таңдауға қалай көмектесуге болатындығын талдады.

CIS және CIS-ке мүше бірқатар шетелдік университет өкілдерінің қозғаған «Мықты мектеп профилін жасау», «CIS порталы арқылы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу», «АҚШ жоғары оқу орындарына түсетін студенттердің кейстерін қарастыру», «Ұсыныс хаттарын дайындыу» секілді басым тақырыптары кәсіби бағдар беру кеңесшілерінің ерекше назарын аударды.

Панельдік сессияда семинарға қатысушылар Katryn Snow (CIS), Liam McCartney (Бостон Университеті), Skye Rust (Колумбиялық Колледж Чикаго), Andre Kostosov (Солтүстік-Шығыс Университеті), Iuliia Iurina (Болгариядағы Американдық Университет) және Charlene Chang (Британдық Колумбия Университеті) секілді университет өкілдерінен көкейтесті сұрақтар бойынша жауаптарын алды.

Кәсіби бағдар беру кеңесшілері CIS ұйымдастырған Халықаралық білім көрмесіне де қатысты.

 



Қаралым: 74
Жарияланған: 10 Қазан