Жаңалықтар

Ресей педагогтары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесімен танысуда


    Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне Ресейден бір топ педагог жұмыс сапарымен келді. Елордаға Мәскеудегі «Ұлттық зияткерлік даму» құзыреттілік және іскерлік шешімдер орталығы студенттер мен аспиранттар және жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қолдау қорының және Ханты-Мансийсктің Югра автономды округының өкілдері қазақстандық инновациялық мектептердің тәжірибесімен танысу үшін жиналды.

   Бірінші күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова ресейліктерді білім беру бағдарламалары мен технологияларының заманауи үлгілерін әзірлеу, бақылау, зерттеу, талдау, тестілеу, енгізу және жүзеге асыру бойынша тәжірибелік алаңы ретінде Зияткерлік мектептер жүйесі  жайлы айтты.  

    Екі күн ішінде шетелдік әріптестер үш орталықтың (педагогикалық өлшемдер, педагогикалық шеберлік, білім беру бағдарламалары) және елордалық Зияткерлік мектептердің жұмысымен танысады.

 



Қаралым: 33
Жарияланған: 07 Қазан