Жаңалықтар

Зияткерлік мектептердің үш бірдей мұғалімі «Жыл мұғалімі» атағына ие болды


Сүйінші! Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш бірдей өкілі республикалық «Жыл мұғалімі» конкурсының жеңімпаздары болып мойындалды. Олар Тараз қаласындағы Зияткерлік мектептің биология пәні мұғалімі Инна Аксенова, Қарағандыдағы NIS ұстазы Нұртай Гульманов, Шымкенттегі Зияткерлік мектептің дене-шынықтыру пәні ұстазы Ербол Тлеулов. Бүгін олардың барлығы әріптестері мен отбасылары және достарынан құттықтаулар қабылдауда! Жеңіс құтты болсын!



Қаралым: 64
Жарияланған: 21 Қырқүйек