Жаңалықтар

Атырауда ұстаздардың еріктілер клубы құрылды


Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздардың еріктілер клубы құрылды.

Еріктілер жылы қарсаңында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі жолдауына қолдау білдірді.

Жаңа клубтың алғашы шарасы ретінде экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Жасыл десант Жайық жағасына жиналып Балықшы-Жұмыскер көпірінің маңында тазалық өткізді. Сенбілікке ұстаздармен бірге оқушылар және мектеп қызметкерлерінің отбасы мүшелері де атсалысты. Еріктілер қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған жағалау аймағын қоқыстардан тазалады.

Зияткерлік мектептің еріктілері алғашқы сенбілікті өткізу арқылы республикалық «Бірге – Таза Қазақстан!» экологиялық акциясына үлес қосты.

- Біздің еріктілер клубы тек мектеп оқушыларына емес қала тұрғындарына да үлгі болса игі, – дейді Зияткерлік мектептің мұғалімі Айтолқын Төлешова.

Жиналған қоқыстар қайта өңделу үшін AtyrauEco қоғамдық қорына тапсырылды.

Педагогтардың еріктілер клубы Атырауда көлемді шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Қазір олар 1 қазан, қарттар күніне орай барлық Зияткерлік мектептерде іске асатын «Ұрпақтар сабақтастығы» әлеуметтік жобасына дайындалу үстінде.

 



Қаралым: 63
Жарияланған: 18 Қырқүйек