Жаңалықтар

«Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» достарын жиюда


Елордалық физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» түлектер қауымдастығының кездесуі өтті.Қауымдастық әр  жылдарда мектеп бітірген  Зияткерлік мектептер түлектерінің басын қосты.  Он мыңнан астам адам  қазіргі таңда елімізде  және шет елде оқып, қызмет жасауда.   

Түлектерді бірінші туған күнімен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады.

–   «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» – НЗМ түлектер қауымдастығын дамыту ең басты стратегиялық бастамалардың бірі. Зияткерлік мектептерді тәмәмдаған және мектеппен байланысын жоғалтқысы келмейтін түлектерге тартылатын орта болмақ, деді Күләш Ноғатайқызы.

«Alumni Nazarbayev Intellectual Schools»-тың Президенті Арман Балғатай бірлестіктің басты бағыттары сондай-ақ «Ауылға ғылыммен», «NISoiley» жобалары жайлы баяндады.

 

       



Қаралым: 102
Жарияланған: 21 Тамыз