Жаңалықтар

Жылдың басты педагогикалық кеңесі: екінші күн


 Конференцияның екінші күні алғаш рет ұйымдастырылып отырған табысты тәжірибелер панорамасынан басталды. Зияткерлік мектептердің әрқайсысы тілдерді үйренуге, зерттеу машықтарын арттыруға, оқу сауатын ашатын, кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыратын жобаларын ұсынды.   

Сондай-ақ тамыз кеңесінің аясында «TEDxAugustConferenseNIS» ашылып, онда Зияткерлік мектептердің мұғалімдері мен түлектері өздерінің мотивациялық әңгімелерімен бөлісті. Олар: елордалық ФМБ мектептің 12-ші сынып оқушысы Альнур Акчурин, Алматылық ХББ мектептің мұғалімі әрі НЗМ түлегі Эльмира Мырзагулова, Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің мұғалімі Серік Жайырбаев, Педагогикалық өлшеулер орталығының эксперті Рауан Сәрсекенов, шымкенттік Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының  тренері Абай Калчабеков.  

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Камила Башарова «NIS-Programme» бойыша әзірленген 7-сынып оқулықтарының электрондық нұсқаларын беру туралы лицензиялық келісімге қол қойылды.  

Конференция қуанышты оқиғамен тәмәмдалды: Педагогикалық шеберлік орталығына төрт білім беру бағдарламасының халықаралық сертификатталуын растағаны үшін ACQUIN (Германия) аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институтының сертификаттары табыс етіледі.

 

   

 



Қаралым: 75
Жарияланған: 21 Тамыз