Жаңалықтар

Педагогикалық шеберлік орталығына ACQUIN сертификаты табысталды


Нұр-Сұлтанда өткен NIS дәстүрлі тамыз конференциясы қуанышты жайтпен аяқталды.

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Педагогикалық шеберлік орталығы директоры Ж. Қабдыкаримова мен орынбасары М.Тыныбаеваға төрт білім беру бағдарламасының ACQUIN халықаралық аккредитациясы сертификатын табыс етті.

– NIS өз сапасын әрдайым халықаралық  аккредитация  арқылы дәлелдейді, бүгінгі күні CIS аккредитациясын 18 Зияткерлік мектеп өтті,  жаңа оқу жылында тағы екі мектепті жауапты сын күтіп тұр. ПШО аккредитациясы біздің жүйе үшін ерекше маңызға ие, себебі бұл елімізде педагогтардың кәсіби дамуы саласындағы бірінші аккредитация, – деді Күләш Ноғатайқызы.

2018 жылдың желтоқсанында Педагогикалық шеберлік орталығы төрт білім беру бағдарлама курсы бойынша сертификация мен сапаны қамтудың ACQUIN (Германия) халықаралық сертификатын алды:

– «Тиімді оқыту» бағдарламасы;

– «Мұғалімнің мектептегі көшбасшылығы» бағдарламасы;

– «Мұғалімнің педагогикалық  қауымдастықтағы көшбасшылығы» бағдарламасы;

– Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мекеме жетекшілерінің бағдарламасы.

 

 

 



Қаралым: 72
Жарияланған: 20 Тамыз