Жаңалықтар

Аккредиттеу жаңа жетістіктерге міндеттейді


Тамыз конференциясында CIS аккредиттеуінен өткендігі туралы Халықаралық мектептер кеңесінің сертификаты үш мектепке беріліді. Оның ішінде Алматы қаласындағы қос Зияткерлік мектеп пен Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектептебі бар. Құжат аталмыш білім ордаларының делегацияларына тапсырылды. Директорлар Гүлфарида Раисова, Гүлмира Мункеева және Ермек Паизовпен бірге сахнаға ата-аналар комитетінің төрайымдары мен оқушылар шықты.

Ақтау қаласындағы мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Ләйлә Төлешова өз сөзінде беделді аккредиттеу және жаңа мәртебе алу тек мақтаныш қана емес, сонымен қатар мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды жаңа жетістіктерге жетуді міндеттейтіндігін атап өтті.

 



Қаралым: 46
Жарияланған: 19 Тамыз