Жаңалықтар

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тамыз конференциясында Зияткерлік мектептердің жетекшілері мен бір топ мұғалімдеріне марапаттар тапсырылды.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тамыз конференциясында Зияткерлік мектептердің жетекшілері мен бір топ мұғалімдеріне марапаттар тапсырылды.

Бірінші болып орта білім беруді жаңғыртуға қосқан үлестері үшін НЗМ ұжымының жетістіктері аталды. Бұл күні еліміздегі барлық жиырма мектептің директорына Білім және ғылым министрінің орынбасары Фатима Жақыпова аталған министрліктің алғыс хатын табыс етті.

Ерекше кәсіби жетістіктері үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен оқу бағдарламалары орталығының директоры Жанар Әбділдина, Атырау қаласы Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешев, Астана халықаралық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нұрғайша Жуланова, Ақтөбе қаласы Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Альфия Медведева, Алматы қаласы ФМБ Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Ирина Папазова, Қызылорда қаласы Зияткерлік мектебінің биология пәнінің мұғалімі Дариха Мұнарбаева, Атырау қаласы Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Светлана Исмагулова, Талдықорған қаласы Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Зульфия Маметаева, Семей қаласы Зияткерлік мектебі директорының орынбасары Райгүл Қайыркенова, педагогикалық өлшемдер орталығының жетекшісі Мейрамкүл Абсатова, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Айман Бипажанова марапатталды.

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің аға менеджері Гүлнәр Саматоваға, Өскемен қаласы Зияткерлік мектебінің химия пәнінің мұғалімі Галина Гаджиеваға, Шымкент қаласы ХББ Зияткерлік мектебінің география пәнінің мұғалімі Ақбөпе Жаманқұловаға, Павлодар қаласы НЗМ химия пәнінің мұғалімі Орынтай Ыбраеваға, Көкшетау қаласы Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Людмила Топорковаға, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері Сара Ұлтанбаеваға берілді.

 

 

 



Қаралым: 44
Жарияланған: 19 Тамыз