Жаңалықтар

«Берік отбасы» Зияткерлік мектептерде құрылады


Назарбаев Зияткерлік мектептерінде ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған «Берік отбасы» ірі жобасының бірінші кезеңі аяқталды.

«Берік отбасы»  – UNODC (БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы) бастамасымен құрылып, 35-тен астам елде тиімділігін дәлелдеген халықаралық жоба.

– UNODC жасөспірімдер үшін қауіпсіз және жағымды орта қалыптастыруға, әлеуметтік ортаға қарсы мінез-құлық пен қауіп-қатердің алдын алуға, отбасы құндылықтарын қадірлеуге мүдделі, – деп түсіндіреді «Берік отбасы» жобасының құрылуын Қазақстандағы Бағдарламалық офистің ұлттық жоба офицері Жанерке Омарова.

Жобаның пилоттық нұсқасы біздің елімізде үш жыл бұрын Павлодар қаласында бастау алды. Республика көлемінде «Берік отбасы» Зияткерлік мектептерде жұмыс істеп бастады. 

НЗМ психологтары мен кураторларын дайындау мақсатында әлемнің үздік университеттері қатарындағы Oxford Brookes University өкілдері Дебби Ален және Линдси Кумбс арнайы тренинг өткізді. Барлық Зияткерлік мектептен 240 отбасы, ата-аналар мен жасөспірімдер өзара сенім мен түсіністікті нығайтты. Тренингтің жеті бөлімі адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға – қалайша отбасы құндылығын сақтауға, арманға жетуге, күйзелісті жеңуге, қысымға қарсы тұруға, жақсы жетістік үшін көтермелеуге, «махаббат пен шектеуді» қолдануға, есірткі мен басқа да зиянды нәрселерден сақтандыруға болатынына арналды.

Ересектерге бағытталған бақылау тамаша нәтижемен аяқталды. Олардың барлығы қорытынды сұхбатта бір ауыздан өз іс-әрекеттеріне басқаша қарай бастағанын,   ата-ана мен бала арасындағы сенімді қалыптастыру күнделікті тынымсыз жұмыс екеніне көз жеткізгендерін айтты.

Бірегей жобаның өзектелігін БАҚ зор қызығушылығы да растайды. «Берік отбасы» жобасына ең үлкен тиражбен таралатын республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері, белгілі телеарналар, мерзімді басылымдар, барлық аймақтағы интернет-порталдар, сонымен қатар Зияткерлік мектептер сайты мен олардың әлеуметтік желідегі ресми парақшаларындағы жаңалықтар сюжеті, репортаждар арналды.

 



Қаралым: 134
Жарияланған: 05 Шілде