Жаңалықтар

Педагогикалық шеберлік орталығы шекараны кеңейтуде: EdCrunch Ugra


Ханты-Мансийск қаласында (Ресей Федерациясы) БРИКС және ШЫҰ елдерінің қатысуымен ХІ Халықаралық ІТ-форумы өтті. Бұл форум – жыл сайын Ханты-Мансийскте биліктің федералды органдары мен даму институттарының қолдауымен өткізілетін шара. Жыл сайын форум 55 елден 3 мыңнан астам қатысушыларды жинайтын шара ақпараттық технологиялар саласындағы ең маңызды оқиғалардың бірі.

2019 жылы алғаш рет форум алаңында білім көрмесі мен EdCrunch Ugra (https://2019.edcrunch.ru/ugra/) конференциясы өткізілді.

Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Мадина Тыныбаева, Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері Талғат Мукутов, Сапура Жолдасбаева, Жанна Байғаринова EdCrunch шақыруы бойынша екі екі сағаттық семинар өткізәліп, Педагогикалық шеберлік орталығының жұмысы туралы айтылып, тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға қатысушылар шараның көңілдерінен шыққанын айтып,  кері байланыста 10-нан 10 балл деп баға берді.

Бұл Педагогикалық шеберлік орталығы қызметкерлерінің EdCrunch конференциясына қатысуы дәстүрге айналған. 2018 жылы Мәскеу қаласында мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу бойынша семинар сәтті өткізілген болатын.

«Біз Педагогикалық шеберлік орталығын барлық іс-шарамызда көруге әрдайым қуаныштымыз. Сіздердің тәжірибелеріңіз шынымен де айрықша, ал оның ресейлік мектептерге бейімделе алуы оны одан әрі құндырақ ете түседі. Кәсіби біліктіліктеріңіз үшін рахмет. Алдағы уақытта табысты әріптестікке үміттенеміз», – деді  EdCrunch-тың бағдарламалық директоры Елена Савина.

Ханты-Мансийскіге сапардың қорытындылары бойынша қазіргі кезде Югры – Ханты-Мансийск дербес округінің Білім беруді дамыту институтымен ынтымақтастық орнату жұмыстары басталды. Сургут мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушылары 2019 жылдың 24-25 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға ниет білдірді.

 

 

 



Қаралым: 198
Жарияланған: 18 Маусым