Жаңалықтар

Туған елге тағзым: бірінші күн


Бүгін зияткерлік мектептерде ауқымды жобалардың бірі – «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы басталды.

2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша 20 мектептердегі үздік шаңырақтар қазақ елінің түкпір-түкпіріне сапарға аттанды. 240-тан астам Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қазақстанның 10 қаласымен  танысады.

Дәстүр бойынша өлкетану экспедицияларының қатысушыларын мектептер мерекелік көңіл күймен темір жол вокзалдарында қарсы алды. Атырау қаласына Петропавл шаһарынан келген  делегацияны аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев қарсы алып, оқушыларға сәттілік тіледі.

– Мен сіздердің өңірге жасаған сапарларыңыздың танымды әрі қызыққа толы болатынына сенімдімін. Өйткені біздің облыста танысып көретін, өз білімдеріңізді толықтыратын түрлі тарихи нысандармен және мәдени ошақтар көп. Сіздерге оқуда табыс тілеймін. Мұнайлы өлкеге қош келдіңіздер! – деді өңір басшысы.

«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары елдегі көне жәдігерлермен, архитектуралық нысандармен, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы тарихи-мәдени танымдарын толықтырмақ. Жоба аясында әр өңірдің бірегей тұлғаларымен кездесу көзделуде.

 



Қаралым: 109
Жарияланған: 17 Маусым