Жаңалықтар

Бірғаным Әйтімова Астана халықаралық мектебімен танысты


Парламент Сенаты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова еліміздің «Білім туралы» заңы талаптарының жүзеге асырылуы және білім саласындағы мемлекеттік  стандарттардың орындалу барысын байқау мақсатында Астана халықаралық мектебінде болды.

Сенаторды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының төрайымы Светлана Испусинова мен мектеп директоры Бауыржан Ұзақбай Зияткерлік мектептердің тәрбие және оқу саласындағы жобаларымен таныстырып жалпы жүйенің жеткен жетістіктері жайлы хабардар етті. Депутат арнайы танысуға келген Астана халықаралық мектебінің материалды-техникалық базасы әлемдік стандарттарға сай, қазіргі таңда оқушыларға  PYP және MYP авторландырылған бағдарламалары шеңберінде сабақ беріледі.  

Сенатор мектептегі  үйірмелердің жұмысымен танысты. Домбыра телестудия, қолданбалы қолөнер, саз балшық, шығармашылық қабілет, хореография сынды қосымша сабақтарға балалардың сүйіспеншілігі өте жоғары. Бірғаным Сарықызы оқушылардың қолынан шыққан бұйымдарға үлкен қызығушылық танытып, жоғары бағасын берді.

Кездесу  соңында Б.Әйтімова мемлекеттік стандарттардың сақталуына, оқулықтардың сапасына, жалпы оқу бағдарламаларына ерекше назар аудару қажеттілігіне тоқталды.

 



Қаралым: 149
Жарияланған: 08 Маусым