Жаңалықтар

NIS баспасөз қызметі: Мәскеудің ресми мойындауы


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметі Мәскеуден жеңіспен оралды.

«NIS: қазақстандық білім жүйесінің бренд-амбассадоры» жобасы Халықаралық байқаудың «Аймақты ілгерілету» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Құрамына коммуникация саласындағы белгілі ресейлік сарапшылар мен тәжірибелі мамандар кірген қазылар алқасы NIS-тің отандық интеллектуалдық бренд және әлемдік педагогиканың сәтті драйвері ретінде ақпараттық және PR ілгерілетудегі жұмысын жоғары бағалады.

Беделді байқауға Ресей Федерациясынан, Украина, Беларусь және Қазақстан республикасынан бес жүзден астам жоба қатысты. Іс-жүзінде компаниялардың барлығы экономика, саясат, мәдениет және жалпы коммуникация саласында белгілі бренд болып табылады. Олардың қатарында Ресейдің Федеральдық монополияға қарсы күрес қызметі, Росбанк, Донецк Республикасының Парламенті, Севастополь Заңшығару жиыны және Газпром, Росатом, Мегафон, Ростелекомның құрылымдық бөлімшелері, Санкт-Петербургтің Бесінші арнасы, WWF (Жабайы табиғаттың әлемдік қоры) ресейлік филиалы бар.

NIS баспасөз қызметімен бірге номинацияның шорт-тізіміне Вологод облысының инвестициялық компаниясы, Ресейдің танымал индустриялық брендтерінің бірі – Трубалық металлургиялық компаниясы (Трубная металлургическая компания) енген болатын. Алайда NIS-ті халықаралық деңгейде ілгерілетудегі ауқымды, креативті және жүйелі жұмыстары үшін, соның ішінде «Кембридж сағатында – Астана уақыты», «NIS жаңаратын энергиясы», «Сүйінші, CIS, Кембридж, NARIC!», «Роботтар әлемді бағындырады!» сынды тақырыптық медиалық және PR жобалары үшін қазақстандықтар жеңімпаз атанды. Зияткерлік мектептерді шет елдерде насихаттауда ерекше назар Media Relations, Public Relations, Government Relations, Investor Relations, Community Relations интеграцияланған ақпараттық және PR жобаларға аударылды.

– Жалпы коммуникацияның заманауи жүйесінде ең жоғарғы пилотаж елді тануға бағытталған PR болып табылады. Біз NIS-ті отандық интеллектуалдық бренд ретінде халықаралық деңгейде ілгерілетуге қосқан еңбегіміз үшін қуаныштымыз, – деп ағынан жарылды  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ баспасөз қызметінің жеткешісі Мира Алипинова.

Media және Public Relations кәсіпқой мамандарына арналған Халықаралық байқау белгілі ресейлік «Пресс-служба» журналымен және «Имидж – Медиа» баспасөз үйімен осымен он бірінші рет ұйымдастырылды.

 



Қаралым: 157
Жарияланған: 22 Сәуір