Жаңалықтар

МУИТ-тан ғарышқа гранттар


Қызылордада Наурыз кездесулерінің жеңімпаздарына Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне сегіз 100 пайыздық тегін оқу гранты берілді. Бұл сертификаттар мереке қарсаңында елордалық оқушылар мен олардың мұғалімдері, ата-аналары үшін керемет сый болды. Жеңімпаз Ерасыл Тәуекел мен Рахат Жакиенов («Көпмәртелік ғарыштық жүйе және «Импульс» зымыран ұшыру кешені» жобасымен), Альнур Акчурин («Ғарыш жағдайында өсімдіктерді өсіру агрогелі» жобасымен), Алихан Талипбаев ( «Smart colonization» жобасымен), сондай-ақ, атыраулық Амир Альжаксин («Жасанды салмақсыздықты қалыптастыру мақсатында 3d клиностатты модельдеу» жобасымен,  қостанайлық  Даниил Округ   («Толықтырылған шынайлылық технологиясын қолдану арқылы математикалық модельдеу және физикалық үдерістер мен құбылыстардың визуализациясы» жобасымен), Орал қаласынан  Ақылбек Мақсұтов («Ғарыш кемесіндегі тіршілікті қалыптастыру жүйесінде ExRCH4 реакторы» жобасымен) және алматылық  Асылбек Сәкенов пен Данил Прохоренко («Ғаламшараралық аппараттарды зерттеу арқылы аспан денелерінің 3D моделін әзірлеу» жобасымен).

Балалар білім алғысы келетін қалаларын таңдай алады. Ол Алматы немесе  Астанадағы жуырда халықаралық ЭКСПО- көрмесінің алаңынан  ашылады деп жоспарланып отырған жаңа IT- университеті.

Тағы екі грант – Халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алу үшін Наурыз кездесулерінің жеңімпазы Ақылбек Мақсұтов пен қызылордалық үшінші орын иегері Қадырхан Ағыбаевқа берілді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерімен табысты әріптестік орнатып отырған екі жоғарғы оқу орны, Наурыз гранттары жас ғалымдарға  космос пен үлкен ғылымға жол  ашатынына кәміл сенімді.

 



Қаралым: 79
Жарияланған: 22 Наурыз