Жаңалықтар

Наурыз кездесулерінің жұлдызды басталуы


Сыр өңіріне Наурыз кездесулеріне келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің делегациясы Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз» пилотты кораблінің ұшырылу сәтіне куә болды.   

Ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин және NASA астронавтары Кристина Кук пен Ник Хейгтің ғарыш сапары наурыздың 14 нен 15 не қараған түні басталды. 20 Зияткерлік мектептерінің жас ғалымдары Байқоңыр кешеніндегі Гагарин стартынан «Союз МС-12» кораблінің ұшырылуын тамашалады.

– Мұндай оқиғаны көзбен көру мені ерекше әсерге бөледі. Мектеп телеорталығының мүшесі ретінде әлемдік журналистермен бірге зымыран ұшыру алаңынан репортаж жүргізу мүмкіндігіне ие болдым, – деп бөлісті Ақтау қаласындағы Зияткерлік мектептің оқушысы Джанибек Джурабеков. 

Наурыз кездесулерінің басты спикерлері – NASA-ның ғылыми зерттеушіcі Правин Пратапан мен SpaceX ғарыш сарапшысы Майкл Лутомски шолу аумағында NIS делегациясының құрамында болды.

– Мен 20 жыл NASA-да және 6 жыл АҚШ-тың SpaceX ғарыш жүйелерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі жөніндегі директоры болып қызмет атқардым, алайда пилотты кораблінің ұшырымын алғаш рет көріп отырмын, – дейді Майкл Лутомски.

«Союза МС-12» ұшырылымына дейін НЗМ өкілдері Байқоныр мұражайына бас сұғып, аты аңызға айналған кеңестік ұшқыш-ғарышкер, Кеңес одағының батыры Виктор Савиныхты кезектірді. 1985 жылы ол «Салют–7» орбитальды станцияны құтқарып қалу үшін ғарыш тарихында техникалық жағынан қиын ұшырылымын жасады. Сондай-ақ, оқушылар ресейлік ғарышкерлер Олег Котов пен Олег Новицкиймен танысты.

Наурыз кездесулері – тоғызыншы рет жас ғалымдардың басын тоғыстырған оқушылардың ғылыми жобалар байқауы. Бұл жолы кездесулер Қызылордада өтеді және «Ғарыш. Ғылым. Интеллект» тақырыбына арналады.

 



Қаралым: 83
Жарияланған: 15 Наурыз