Жаңалықтар

Басқарма төрағасының орынбасарлары тағайындалды


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2019 жылдың 12-ші наурызынан Жанкеев Азамат Мұхтарұлы мен Шилибекова Айдана Сенбекқызы басқарма төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. 

Жанкеев Азамат Мұхтарұлы Қазақ агротехникалық университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмәмдаған.  ҚР кәсіби бухгалтерлер палатасының мүшесі, Қазақстан Республикасының аудиторы біліктілігінің иесі, Халықыралық сертификатталған кәсібі бухгалтер (CIPA) және Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері. Халықаралық қаржы есебінің (ACCA DipIFR) және  кәсіби ішкі аудитор  дипломдары бар (DipPIA). Ұлттық және дербес компанияларда қызмет атқарған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да 2014 жылдан бастап басқарушы директор қызметін атқарады.  

Шилибекова Айдана Сенбекқызы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономикадағы ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша аспирантураны тамамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты. 2014-2015 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Лестер Университетінде  ғылыми тағылымдамадан өтті. Еңбек жолын 2002 жылы Тараздағы гуманитарлық-техникалық колледжде информатика пәнінің мұғалімі болып бастап 2003-2015 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің тағылымгер-зерттеуші, оқытушы, аға оқытушы, доцент м.а. болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-да қызмет атқарады. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Педагогикалық өлшеулер орталығы» директорының орынбасары қызметінде болған.  13 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, 27 ғылыми мақаланың авторы.

 



Қаралым: 185
Жарияланған: 12 Наурыз