Жаңалықтар

Алға, IB!


Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ–ның дәстүрлі спартакиадасы аяқталды.

Жарысқа жалпы саны 9 команда қатысты: Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (IB), Астана қаласы физика – математикалық бағытындағы мектеп сонымен қатар  «Ақпараттық технологиялар орталығы», «Педагогикалық шеберлік орталығы», «Педагогикалық өлшеулер орталығы», «Білім беру бағдарламалары орталығы», «NIS Service» және НЗМ дербес білім беру ұйымының орталық аппарат командалары өзара бақ сынасты.

Сайыс ережесіне сай командалар волейбол, футбол, үстел теннисі, шахмат, армрестлинг, бильярд ойындарынан сынға түсті.

Марапаттау рәсіміне Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова қатысып барлық сайыскерлер мен жеңімпаздарды құттықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша 3 орын «Ақпараттық технологиялар орталығы» құрамасына бұйырса, 2 орын Астана қаласы ФМБ Зияткерлік мектебінің командасына ал 1 орын сонымен қатар ауыспалы кубок IB  Астана қаласы НЗМ командасына табысталды.

 

 

 



Қаралым: 215
Жарияланған: 12 Ақпан