Жаңалықтар

XV Балтық ғылыми-инженерлік байқауында жеңіске жетті


Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Биология» және «Экология» секциялары бойынша XV Балтық ғылыми-инженерлік зерттеулер байқауы қазылар алқасының дипломдары мен арнайы наградаларын иеленді.

Дамир Усибалиев, Дарина Лысакова және Дарина Мухамеджанованың жобалары III дәрежелі дипломдармен және конкурстың ғылыми қазылар алқасының арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, Дарина Мухамеджанова, Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек мұғалімдер мен бизнес-қазылар алқасы сыйлығының лауреаттары атанды.

– Маған байқау атмосферасы өте ұнады. Әр елдің жас ғалымдарымен танысып, ең маңызды инновациялық компаниялардың басшыларымен сөйлесуге мүмкіндік алдық. Әсіресе, танымал ресейлік кәсіпкер Cognitive Technologies компаниялар тобының президенті Ольга Анатольевна Усковамен кездескеніме өте қуаныштымын, – деп атап өтті Дарина Лысакова.

Жас зерттеушілер өз жобаларын қазылар алқасына, сарапшыларға, ресейлік бизнес өкілдеріне, журналистерге, ғылымға қызығушылық танытатындардың барлығына таныстырып, олардың жұмысы ғылыми жаңалық екенін және мәселелерді шешудің жаңа әдістері мен тәжірибеде қолдану бойынша ұсыныстарға негізделгендігін дәлелдей алды .

– Менің жобам Оңтүстік Қазақстан топырағының жоғары сортаңдануы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта жұмысыма инвестиция тарту мақсатында патенттеу және  бизнес-жоспар құру сатысындамын, – деді Дарина Мұхамеджанова.

Оқушылардың ғылыми жетекшілері Инна Аксенова мен Камилла Лишанлаева ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Время науки» қорының президенті И. Чистяковтан алғыс хат алды.  

– Біздің жұмыс көкөніс дақылдарының вирусын жылдам диагностикалауға бағытталған. Байқау кезінде белгілі ресейлік генетик Олег Тиходеевтен кері байланыс алдық. Өз жобамызды генетик кеңестернің негізінде одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз, – деді Рифат Абашев пен Ануар Сағымбек.

Балтық ғылыми-инженерлік байқауы Ресейдегі мектеп оқушыларына арналған ең ірі ғылыми жарыстардың бірі. Жастардың ғылыми фестивальдерін қазіргі заманғы дәстүрге сай ұйымдастыратын және ғалымдар мен университет профессорларының қатаң ғылыми бағалауынан тұрады.

Айта кету керек, байқаудың финалдық кезеңінде Ресейдің барлық аймақтарынан, сондай-ақ Белоруссия, Украина, Қазақстан, Мордовия және Сербиядан 600-ге жуық оқушы өз жаңалықтарын және өнертабыстарын ұсынды.

 



Қаралым: 37
Жарияланған: 11 Ақпан