Жаңалықтар

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары»: тікелей эфирде


Еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінде Елбасының қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанаты тікелей эфирде көрсетілді.

НЗМ оқушылары мен қызметкерлері Қазақстан жастары үшін тарихи «Тәуелсіздің ұрпақтары» форумын акт залдарында, оқу кабинеттерінде тікелей эфирден тамашалады.  

–  Маған форум жұмысы өте ұнады. Спикерлер бастарынан өткен оқиғаларымен бөлісіп үлкен мақсат қойып, оған қалай жеткендіктерін айтты. Әсіресе ауылшаруашылық саласы жайлы әңгімелерден үлкен әсер алдым.  Спикерлердің айтқаны жастардың санасын дұрыс бағытқа бұрып, өзіңді кез-келген жерде айқындай алатыныңның дәлелі болды, – деді өзінің тікелей эфирден алған әсерімен бөліскен Өскемен қаласы Зияткерлік мектебінің түлегі, қазіргі таңда заңгерлік қызметтегі Тинатин Джапиашвили.

Форум мінберінен қазақстанның жас та болса талантымен көпті сүйсіндіргендер сөз сөйледі. Олардың арасында физика–математика бағытындағы НЗМ 12 сынып оқушысы Иван Крепак та бар.

– Мен сыныптастарыммен бірге тікелей эфир арқылы «Жастар жылының» ашылу салтанатының куәсі болдым. Түрлі салада толағай табыстарға жетіп жүрген замандастарымның сөздері мені қанаттандыра түсті. Биыл мектепті тәмәмдәп, жоғары оқу орнына құжат тапсырамын. Болашақта өз еліме қызмет етуге мүмкіндік беретін мамандықты таңдағым келеді. Биылғы жылдан күтерім мол. Бұған дейін де мемлекетімізде жастар категориясы Елбасының ерекше назарында болатын. Енді біздің алдымыздан тағы да биік белестер ашыла түсетініне сенімдімін. Жасалып жатқан осындай мүмкіндіктерді пайдалану – біздің міндетіміз», – деді Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрай Көбеген.

Бүгінде Зияткерлік мектептер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен іске асқан – еліміздегі ауқымды білім жобаларының бірі. Форум жұмысы аясында ұлт көшбасшысы мектептің жаңа форматтағы жастарды дайындайтынын тілке тиек етті.

НЗМ оқушылары мен қызметкерлері Жастар жылын қолдауға арналған республикалық науқанды белсенді түрде қолдап, әлеуметтік желілерле арнайы #NISElbasynQoldaidy хэштегі таратылды.

 



Қаралым: 274
Жарияланған: 23 Қаңтар