Жаңалықтар

Иван Крепак: «Біз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етеміз»


Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Жастар жылының басталғанын ресми түрде жариялады. 

ЭКСПО көрме кешені «Нұр Әлем» павильонында өткен  «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты салтанатты шараға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары – Иван Крепак, Ақназар Қажымұрат, Селимжан Чалышкан мен Нұрдәулет Таумергенов қатысты.

Форумның негізгі спикерлерінің арасында Алматы қаласы физика- математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептің 12 сынып оқушысы Иван Крепак  елімізде – жас ғалым, стартапер, халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпазы ретінде танымал.  

Мемлекет басшысына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлық оқушыларының атынан қолдауы үшін алғыс білдірген Иван Крепак, еліміздің игілігі үшін тынбай еңбек етеміз, – деді.

Фото: www.baq.kz

 

 



Қаралым: 250
Жарияланған: 23 Қаңтар