Жаңалықтар

Комикстарды пайдалана отырып ағылшын тілін меңгеру


Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Альбина Каленова «Teach & Share» жобасының оқу  грантын ұтып алды. Аталған жобаны АҚШ – тың Қазақстандағы Бас консулдығы жасақтаған.

Жобаға қатысу үшін ел бойынша 250-ден астам қатысушының ішінен 14 мұғалім таңдап алынды. Курстың мақсаты – мұғалімдерді баламалы оқыту әдістерімен таныстыру болып табылады.

– Консулдық 60 комикс кітапты пайдалануға берді. Оқулықтар балалардың ағылшын тілінде еркін сөйлеуіне, олардың қиялын ұштауға көмектеседі. Жобаны іске асыру мақсатында 8-10-сынып оқушыларынан топ құрылып  комикстер  оқылып, мазмұны талданып жатыр. Балаларды ағылшын тіліне комикс арқылы баулу тиімді әдіс, – дейді өз ойымен бөліскен Альбина Кәленова.  

Мұғалімдер де оқушыларды курстың соңына дейін TEDEd Student Talks–ке қатысуға дайындап ел алдына шығармақ.

 

 

 

 



Қаралым: 231
Жарияланған: 21 Қаңтар