Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер Сингапур мен Өзбекстанның қызығушылығын тудыруда


Бүгін Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Сингапурдан және Өзбекстаннан келген қонақтарды қарсы алды.

Сингапурдан келген үлкен делегация – «Kinderworld education group» өкілдерін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова мен басқарушы  директор Айгүл  Қазжанова қарсы алды.

Кешенді оқу орталықтарында мектепке дейінгі жастағы балаларға түрлі бағдарламалар ұсынатын  компания өкілдеріне Айгүл Казжанова мен Светлана Испусинова Зияткерлік мектептер желісі, оқу бағдарламаларының ерекшеліктері туралы  айтып берді.

Сондай-ақ бүгін Зияткерлік мектептің қонақтарының бірі Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі  Саидикрам  Пархатович Ниязходжаев болды.

Басқарма төрайымының орынбасары Светлана Испусинова мен мектеп директоры Мейрам Жакенов мейманға Зияткерлік мектепті көрсетіп, оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен, оқу кабинеттерінің базасымен таныстырды. Робототехника және информатика сыныптарын аралап көрген, мүсіндеу шеберханасымен, мектеп кітапханасының жұмысымен танысқан Елші мырза ғылыми жобалармен айналысып жүрген оқушыларды қызыға тыңдады.

 



Қаралым: 274
Жарияланған: 18 Қаңтар