Жаңалықтар

Зияткер түлектер «Самғау» форумында қалықтады


Бүгін Ақтөбеде алғаш рет «Самғау» атауымен Зияткерлік мектеп түлектерінің форумы өтті. Шара 200 ден астам түлектің басын қосты.

Жиынға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымының орынбасары Назипа Аюбаева сондай – ақ Ақтөбе облыстық маслихаты мен отыздан астам жергілікті өндірістік  компаниялардың өкілдері қатысты. Түлектер ассоциациясының мүшелері де идеяны қолдауымен қатар жиылғандарға төсбелгілер табыстады.  

Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің түлектері әлемнің түпкір – түпкірінде білім алып жатыр.  Форум жұмысы барысында диалог алаңдары құрылып, өңірдегі жұмысқа орналасу, заманауи медицина, биотехнология, бизнес саласындағы  түйткілді мәселелерді шешу жолдары қарастырылды. Күннің екінші жартысында әртүрлі салаларда диалогтық алаңдар өтті, онда түлектер кәсіптік салаларды дамыту болашақ туралы өз ойларын ортаға салды. Форум үлкен мерекелік концертпен аяқталды.

Ұйымдастырушылар – «жастардың мектеп өміріне белсене араласуы, достарымен кездесулер, болашақ әріптестерімен бірге бейресми жағдайда мамандармен ынтымақтастық қызықты жобалар мен жаңа бастамалардың пайда болуына серпін береді», – ойлаймыз деп отыр.

НЗМ түлектер форумы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен келіп жеткен «Жастар жылы» аясында өткізілді.

 

 

 



Қаралым: 254
Жарияланған: 04 Қаңтар