Жаңалықтар

Сәния Данбайдан футбол турнирі


 Астанада 14-16 жас аралығындағы қыздар арасында Астана қаласының Зияткерлік мектебінің 12 ші сынып оқушысы Сәния Данбайдың ұйымдастыруымен өткен футбол турнирі мәресіне жетті. Бұл игі шарға Қазақстандағы АҚШ елшілігі, еліміздің футбол федерациясы және FIFA ұйымының қолдауымен өтті. Биыл Сәния Данбай Қазақстандағы АҚШ елшілігінен, қыздар арасында футбол турнирін ұйымдастыру грантын жеңіп алды. Шараға еліміздің түппір-түпкірінен келген 12 құрама қатысты. Ойындар UEFA өкілдерінің қадағалауымен өтті. 

Жобаның басты мақсаты: 

▶Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын дамыту. 

▶Қазақстандағы қыздар футболының дамуына үлес қосу 

▶Жас қыздарға кәсіби спортпен айналысуға мүмкіндік беру

▶Психологиялық дайындықты жетілдіру және ойынға қатысушылардың дағдыларын дамыту

▶Әлемдік үлкен спорттың берер мүмкіндіктерін көрсету

Сәнияның жобасы ҚР –дағы АҚШ елшілігімен, футбол Федерациясымен және UEFA-мен ынтамақтастықты нығайтуға септесті.

 

 



Қаралым: 15
Жарияланған: 09 Қараша