Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары зерттеу жүргізу тәжірибесімен бөлісті


 Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде мұғалімдерге арналған «Педагогтардың зерттеу дағдыларын дамыту» семинары өтті. Семинарға өңіріміздегі жалпы білім беретін мектептерден 120 мұғалім қатысып, зерттеу жүргізу бойынша білімдерін кеңейтті, әрі зияткерлік мектеп педагогтарының зерттеу жүргізу тәжірибесімен танысты. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы жаңа дәуір мұғалімдерінен сабақты жаңа форматта өткізе білуді ғана емес, сонымен бірге сабаққа және тәжірибесіне зерттеу жүргізе алуды қажет етеді. Семинар бағдарламасында ауқымды іс-шаралар жоспарланды. Бірінші күні қатысушылар «Сабақты зерттеу» (Lesson study) тәсілінің және «Іс-әрекеттегі зерттеу» (Action research) үдерісімен танысып, зерттеуді тиімді жоспарлау, проблеманы дұрыс аңықтау, жоспарлау ерекшеліктері және әдебиетке қалай шолу жасау керектігі туралы шеберлік сағаттарына қатысты. 

Семинардың екінші күнінде облыс педагогтары Назарбаев Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің зерттеу тәжірибесімен танысты. Сонымен бірге қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттындағы пәндерді оқытуда туындауы мүмкін проблемалар бойынша бірлесіп жоспарланған зерттеулерін ашық сабақтарда бақылап, сабақтың оқушылардың білім алуына тигізген әсеріне ұжымдық талдау жасады. 
Қорытынды кезеңде мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу диалогы барысында, оқытудың тиімді түрлерін, зерттеудің 
зерттеу тұжырымдамасы және қажетті бейне ресурстармен біліктілік қоржындарын толтырды.

 

 



Қаралым: 16
Жарияланған: 09 Қараша