Жаңалықтар

Зияткерлік мектептердің түлектері – PolyU-дың үздік студенттері қатарында


Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2018 жылғы түлектері Гонконг политехникалық университетінің үздік бірінші курс студенттері қатарына кіріп, оқу орнының халықаралық студенттерге арналған арнайы шәкіртақысына ие болды.

Шәкіртақы сертификаттарын салтанатты түрде табыстау, PolyU президенті, профессор Тимоти Тонг және вице-президенті, профессор Джеффри Шенның  қатысуымен өтті. 2018-2019 оқу жылында 100 ден астам шәкіртақы   халықаралық студенттерге берілген. Айта кету керек сол жүздіктің қатарында Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірнеше түлегі бар. Атап айтсақ, Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы мектептің бұрынғы оқушылары – Анель Ахметова, Назерке Құрманғали, Арманжан Мұратбаев, Әсем Оспан мен Толғанай Сыздықова. Сондай-ақ Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы  мектептің түлегі Шолпан Тілеш, Павлодарлық Аделия Мақашева, Семейлік Әлия Тұманбаева, Халықаралық Бакалавриат мектебінен Санжар Болатбек, Анастасия Ким, Көкшетау қаласынан Айгүл Сахиева және Шындәулет Қасымханов бар.

– «Сіздердің оқушыларыңыздың мақтанышы мен бақытын бөлісетініңізге сенемін. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сіздің мектебіңіздің оқушыларыңыздың тәрбиесіне қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Тағы да біздің университетті жылдар бойы қолдап келе жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіремін. Біз тұрақты және тығыз байланысымызды нығайтуға дайынбыз», – деп атап өтті Зияткерлік мектептердің директорларына хат жолдаған PolyU директорының орынбасары Эрик Ло.

НЗМ түлектерінің академиялық  жетістіктерін Гонконг политехникалық университетінің президенті Тимоти Тонг, Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ басшылығымен кездесу барысында тілге тиек еткен болатын.

Ал университеттің профессоры Тонг болса «Сіздердің  аз уақыт ішінде орасан зор жұмыс атқарғандарыңыз мені таңқалдырады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері біздің университеттің оқу бағдарламасын еш қиындықсыз игеруде» – деген болатын. 

Бүгінгі таңда Гонконг политехникалық университеті – Азиядағы ең үздік техникалық жоғарғы оқу орындарының бірі. Мұнда 32000–нан астам студенттер білім алады.  PolyU әлемнің 40 елінің студенттері мен оқытушыларын біріктіретін динамикалық академиялық және ғылыми қоғамдастық.

 



Қаралым: 127
Жарияланған: 10 Қазан