Жаңалықтар

Вернадский атындағы мерейтойлық байқаудың жеңімпазы – Павлодар өңірінен


Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы Зарина Мұстафина В И Вернадский атындағы ХХV Бүкілресейлік жастар ғылыми-зерттеу конкурсының жеңімпазы атанды.

Конкурс Ресей ғылым академиясының және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жаһандық үрдістер факультетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Конкурстың қорытындысы бойынша Зарина «Павлодар өңіріндегі қола дәуірінде жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтау (Кемпіртас ескерткіші негізінде) тақырыбындағы зерттеу жұмысымен бірден бірнеше дипломдардың иегері атанды: конкурс жеңімпазының дипломы, ежелгі зерттеуге заманауи технологияларды енгізу бойынша мақтау қағазы, «Үздік далалық зерттеулер» номинациясы, «Үздік көрнекілік материал» номинациясын жеңіп алды.

Зерттеу жұмысы жыл бойы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Лайра Алтынбекқызы Байханова және «Margulan centre» орталығының ғылыми қызметкері Тушева Елена Константиновнамен бірлесіп ұйымдастырылды. Жұмыста Зарина жерлеу ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтап, олардың 3 D моделін жасады.

Жеңімпаздың айтуынша: «Бұл жобаға қатысу маған қызықты болды, себебі бұл менің бірінші ғылыми жұмысым болатын. Мен ата-бабаларымыздың тарихын зерттеп қана қоймай, сондай-ақ 3 D модельдеу дағдыларымды қалыптастыра алдым», - дейді.

 



Қаралым: 141
Жарияланған: 10 Қазан