Жаңалықтар

Жыл мектебі


Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жалпы білім беретін оқу ордасының  оқушылары «Астана» Халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының финалісті, Ернұр Рысмағамбетовпен кездесті.  Жүздесу TEDx форматында «Жол азабын жүрген білер» тақырыбында өтті.

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі бірінші халықаралық экономика олимпиадасына жеңіс тұғырынан көрінген команданы дайындағаны үшін,   Ернұр Рысмағамбетов  оқу ошағына «Жыл мектебі» номинациясын табыстады. Сондай-ақ 11 сынып оқушысы Айғаным Даупбаева «Жоғары сыныптың үздік оқушысы» атағына ие болса, экономика пәнінің мұғалімі Виктор Ни «Жыл мұғалімі» номинациясын жеңіп алды.

– Елбасы жыл сайынғы жолдауында Мемлекет басшысы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістері мен стандарттары негізінде мектеп білімін дамытудың векторын анықтады. Президент осы мектептер өз тиімділігін көрсеткенін атап өтті.   Бірінші экономикалық олимпиададағы жеңіс, халықаралық деңгейде білім деңгейі сапасының жоғары екенін көрсетті, – деді Ернұр Рысмағамбетов.

 

 

 



Қаралым: 115
Жарияланған: 10 Қазан