Жаңалықтар

Әлем колледжіндегі Зияткерлік мектептер мен Қазақстанның елшілері


Назарбаев Зияткерлік мектебінің төрт өкілі 2018 жылы Сингапурдағы Біріккен Оңтүстік Шығыс Азияның біріккен бейбітшілік колледжін аяқтап, тиісті диплом алды.

Астаналық Зияткерлік мектеп оқушысы Ардақ Тәліпова, Талдықорғандық Валинтин Шумаков, сонымен қатар Қарағандылық Айжан Жомартқызы «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауы арқасында халықаралық колледж қабырғасында екі жыл білім алды. Қордың арнайы білім гранты Қазақстанның жас таланттарына қолдау көрсетуге арналған. Талдықорған мектебінің оқушысы Айым Бақытбайқызы аталған колледждің грантын жеңіп алып, тегін оқуға қол жеткізді. Аталған балалардың барлығы осы жазда халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша Сингапур колледжін тәмамдап, дипломдарын қолға алып, бүгінгі таңда әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруда.

Халықаралық бакалавриаттың дипломдық бағдарламасы бүкіл әлемде ең күрделі оқу бағдарламаларының бірі ретінде танымал. Оқу бағдарламасы академиялық мазмұнмен шектеліп қана қоймай, жеке тұлғаны жан-жақты, әрі үйлесімді дамытуға арналған құрылымдарды да қамтиды. Сингапурдағы студенттер үшін туған өлкеден, әрі үйреншікті тіршіліктен жырақта жүру қиындық туғызғаны белгілі. Алайда бұл жағдай олардың бойында өзін-өзі дамыту, тайм-менеджмент дағдыларын қалыптастырды. Студенттер UWCSEA-дағы екі жылдық оқу тәжірибелерін Зияткерлік мектептің оқушыларымен онлайн арқылы бөлісіп отырды. Сондай-ақ грант иегерлері «Шығармашылық, әрекет және қоғамға қызмет көрсету» компонентін іске асыру тәжірибесін таратып, басқа да студенттермен бірлескен әлеуметтік жобаларды жасауға мүмкіндік туғызды.

Біздің сайтқа берген сұхбатында студенттер өздерінің бірегей халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Білім грантын алу туралы:

– «Алғашқы рет колледж туралы ақпаратты брошюрадан көрдім, содан соң 3 бірдей іріктеу кезеңінен өттім. Онда НЗМ-нің 112 оқушысы қатысты. Соңғы кезеңде колледж өкілдерімен сұхбаттасуға Астанаға келдім. 10 сыныпта білім грантын жеңіп алдым» - дейді Валентин Шумаков. 

– «Сингапурға оқуға түсуге мүмкіндіктің бар екендігін кураторым айтты. Тәуекелге бел буып, өз күшімді сынап көрдім. Оқуға түскенімді естігенде, төбем көкке жетті. «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен НЗМ-ға өз алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін бұл ұмытылмас тәжірибе болды», – деп атап өтті Айжан Жомартқызы.

НЗМ тәжірибесі туралы:

– «Мен Қарағанды ​​қаласындағы Зияткерлік мектепте оқыдым, онда IB бағдарламасы жоқ, сондықтан жүйе әртүрлі болды. Осыған қарамастан, НЗМ-дегі 3 жыл мені Сингапурдегі оқуға дайындады», – деп атап өтті Айжан

– НЗМ-де оқысаң, сізде халықаралық мұғалімдермен жұмыс істеудің мол тәжірибесі болады. Ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгересіз, бұл шетелде оқуды жалғастыруға ынталандырады, сәйкесінше сіз еліңізге жаңа тәжірибе алып келесіз. Бұл өзге елдің азаматтармен қарым қатынас құрып, өзіндік даму үшін тағы бір қадам болып табылады. Бұған дейін мен  ауылда оқығанмын. Мұндай мотивация НЗМ-де ғана бар», - дейді Валентин.

Сингапурдағы білім жайлы:

– «Біз IB – халықаралық бакалавриат бағдарламасы арқылы оқыдық. Әрбір топтан 6 пәнді таңдайсың.  Одан кейін олардың үшеуі тереңдетілген, ал қалған үшеуі стандартты деңгейде оқытылады», – деп бөлісе кетті Айым.

– «Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылармен бірлесіп, бір тілде араласып оқуға таптырмас мүмкіндік. Саяси тақырыптарды талқылап, әр елдің салт-дәстүрлерімен таныстық. Біз орналасқан жатақханада 50 елден 180 нен астам оқушы тұрды», – дейді Валентин. 

Болашаққа жоспар жайлы:

– «Менің арманым дәрігер болып, медицина саласында қызмет ету. Өз еліме келіп, Қазақстанда дәрігер болуды армандаймын», – дейді Ардақ.

– «Мен АҚШ-тағы College of the Atlantic’s оқу орнына түстім. Онда туристтік және бизнес-менеджментке оқытады. Мен 5 сыныптан бастап Қазақстанда туристік орталықты ашқым келеді. Бұл арманым орандалады деген сенімдемін», –дейді Айжан.

 «Біріккен әлемдік колледждердің» қозғалысы барлық континенттерде орналасқан тәуелсіз оқу орындарының желісі болып табылады. Колледждердің әрқайсысында 50-ден астам елдің өкілдері тәлім алады. Бұл  әркімге бірегей мүмкіндік береді. «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен оқып жүрген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары әлемдік  білім желісіндегі  Қазақстанның елшілеріне айналды.

 



Қаралым: 86
Жарияланған: 21 Қырқүйек