Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер түлектерінің ассоциациясы құрылды


Әділет министрлігінде Назарбаев Зияткерлік мектептері түлектерінің «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» атты ассоциациясы тіркелді.

 

Ассоциация де-факто түрінде тікелей, әрі жанама мағынасында да мамыр айының соңында BI marathon-да басталды. Ресми ашылуы тамыз айының соңына жоспарланған. Бірінші жоспарға республикамызға және Зияткерлік мектептерге танымал, «елді дамытуға арналған 20 инновациялық бастама», «Алматы Lead20», мектеп демократиясын дамытуға арналған отандық алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, «Жас Отан», «Болашақ» стипендиаттар ассоциациясы, Мемлекеттік қызмет мектебі сынды әртүрлі жастар ұйымдарымен меморандумға қол қою жұмыстарын енгізу ұсынылып отыр.

 

Ассоциацияны құрудың бастамашысы Гүлден Құсаинова, Мирас Музарап, Асқар Айтымов, Меруерт Оразбаева, Аяжан Рустемова, Қуан Тельман, Меруерт Тілеубергенова, Аян Касабеков, Әлішер Құдайбергенов, Ерлан Омаров, Ақерке Елубай сынды түлектер. Төрағасы Көкшетау қаласы Зияткерлік мектебінің түлегі Арман Балғатаев болып сайланды. Арман Сүлеймен Демирел университетін аяқтағаннан кейін «Қазпочта» АҚ, Price Waterhouse and Coopers(PwC) ұйымында қызмет атқарып, өзі ұшқан Зияткерлік мектептерге жаңа сапада оралды.

Бүгінде ел бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерін бес жарым мыңнан астам оқушы аяқтады. Мектептерді сәтті аяқтаған алғашқы түлектер отандық үздік ұлттық компанияларда, банктерде, университеттерде қызмет атқарса, көпшілік түлектер үздік қазақстандық және шетелдік ЖОО-да оқуда.

 

 

 

 



Қаралым: 140
Жарияланған: 16 Шілде