Жаңалықтар

NU-мен бірге ғылым еліне саяхат


Астанада Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен өткен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларына арналған Жазғы ғылыми-зерттеу мектебі өз жұмысын тәмәмдады.

Республиканың барлық аймақтарынан келген 200-ден астам жоғары сынып оқушылары екі апта көлемінде ғылым, техника, технология, медицина және тау-кен өнеркәсібі сабақтарына қатысып, білімін жетілдіре түсті. Жазғы демалыс кезінде ғылыми лагерь құру бастамасы Назарбаев Университетіне тиесілі.

– Балалар болашақ мамандық таңдау жолында тұр, сол себепті, бұл олар үшін де, біздер үшін де мәні зор тәжірибе. Мәселен, бүгін, бір талапкер Назарбаев Университетінің ғылым және технология мектебіне түсуді шешті, – деді Әсем Дүйсембекова, Ғылым және технология мектебінің өкілі.

Оқушылар 10 түрлі зертханада жұмыс істеп, университеттің ғылыми қызметкерлерінің басшылығымен ғылым негіздеріне үңілді. Жазғы мектеп қатысушылары күн сәулесімен жұмыс істейтін машиналардың дизайнын, инженерлік қосымшалар үшін Python бағдарламасымен жұмыс жасау, қанаттың аэродинамикалық профилін 3D принтерден басып шығару және модельдеу, шахта желдету құрылғысын жасау, геологиялық модельдеу және басқа да көптеген жобаларды жарыққа шығарды.

3D-моделдеу негіздерінің жетекшісі Ілияс Тұрсынбек Зияткерлік мектеп оқушыларының робототехника саласындағы жоғары біліктілігін мойындады: «Балалардың білімдарлығы – Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдер мен жаттықтырушылардың жоғары кәсіби біліктілінің айғағы. Ағылшын тілін білу – ғылымның осы саласында жетістікке жетуге, сондай-ақ Pepper атты гуманоидтық роботпен қарым-қатынас жасауға оң септігін тигізеді.

Назарбаев Университетіндегі жазғы мектеп көптеген қатысушылардың жеке дамуына түрткі болды. Павлодар қаласындағы Зияткерлік мектептің 12-сынып оқушысы Ангелина Жернакова жоғары деңгейде жабдықталған зертханаларда жұмыс жасау арқылы өзін шынайы ғалым ретінде сезінгенін жеткізді. Ал Семей Зияткерлік мектебінен кеген Малика Мустаева жазғы мектептің басқа да қатысушылары секілді медицина мектебін ерекше еске алды. Себебі, осы мектепте адам ДНК-сының көшірмесін жасалып, жаңа үлгідегі макеттер арқылы анатомияны толыққанды зерттелді.

Жазғы мектепке Зияткерлік мектеп мұғалімдері де қатысты. Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің химия пәні мұғалімі Станислав Котовтың айтуынша, жазғы мектептің Назарбаев Университет қабырғасында өтуі – оқушылар үшін үлкен уәждеме болып табылады.

– Біріншіден, балалар үздіксіз оқыту атмосферасына енеді, екіншіден, менторлардың түрлі білім-беру әдістері жас ғалымдардың жан-жақты дамуына ықпал етеді, және үшіншіден, оқушылардың зияткерлік әлеуетін және ғылыми-зерттеу біліктілігін дамытуға бағытталған Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Университеті ынтымақтастығының маңызын ұғындырады, – деді ұстаз.



Қаралым: 229
Жарияланған: 02 Шілде