Жаңалықтар

Фотосуретте бейнеленген күн


Бүгін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің баспасөз хатшылары Республика бойынша журналисттерді құттықтап қана қоймай, өздері де ыстық құттықтауларға кенеліп жатыр.

Әр жылдары Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өңірлік және Республикалық БАҚ-тан келген Ақмоншақ Джумаева, Ануар Джаманкулов, Рысгүл Рамазанова, Жанар Адамбаева, Роза Кумаргажина, Елена Рыбина, Владислава Кокорина, Назерке Ғалым, Диана Канапьянова, Ермек Исабаев, Қайыргелді Сабитов, Арнагүл Сатыбалдинова, Рымгүл Божақанова, Махаббат Абдешева сынды журналистика майталмандары өз қызметін бастады. Сонымен қатар, журналистиканың қыр-сырын меңгеріп жүрген Анар Байжігітова, Данагүл Дарисова, Абылай Қасымов, Меруерт Тоқбергенова, Айгерім Аманғосова, Ұлжан Ешімқұл қызмет жасауда. Астана қаласындағы ең алғаш бой көтерген Зияткерлік мектептің ең алғашқы жұмыс күнінен бастап еңбек атқарып келе жатқан майталманымыз – Күлпаш Оралбаева.

Баспасөз хатшылары – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тіршілігі мен жетістіктері жөнінде жаханға баяндап отыратын таспадан тыс қызмет көзі. Бүгінгі күн – журналисттер мен баспасөз хатшыларының мейрамы жаңалықтар легінің ең басты хабары, ең маңызды ақпараты, ең қызықты фотосуреті болатын күн. 

Сондықтан, Қазақстандағы журналистика күні құтты болсын!

 



Қаралым: 212
Жарияланған: 28 Маусым