Жаңалықтар

Қазақстанның басты жаңалығы – Зияткерлік мектептердің Кембриждегі күндері


Қазақстандық инновациялық мектептерді құру білім саласындағы ең үздік елтану жобасы болып танылды. Еліміздің барлық газеттері мен ақпараттық порталдары CAIE-дің (Кембридж Университетінің білім және халықаралық бағалау кеңесі) халықаралық білім жөніндегі директоры Тристиан Стобидің осы пікірін жарыса жазды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Кембридждегі күндері еліміздің ақпарат саласы үшін басты трендке айналды. Журналисттердің бағалауынша танымал университеттің Зияткерлік мектептерді мойындауы – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Хабар 24 телеарнасының Ұлыбританиядағы меншікті тілшісінің авторлық репортажында білім саласындағы танымал тұлғалар мен сарапшылардың, атап айтқанда Дэвид Бриджес, Коллин  МакЛафлин, Джефф Хейуорд және т.б. Зияткерлік мектептердің тиімді ынтымақтастығы туралы ой-пікірлері беріледі.

Кембридж университетіндегі күндер Назарбаев Зияткерлік мектептері үшін халықаралық ынтымақтастықтың жаңа белесіне жол ашты. Бүгінде Қытай Халық Республикасы, Италия және Франция елдерімен орнатылған әріптестік қатынас одан әрі кеңеюде.

Кембридждегі күндер – Зияткерлік мектептердің мерейлі жылының бағдарламасындағы басты халықаралық оқиға. 10 жылдыққа арналған келесі үлкен жоба «Қолдайық, ауыл мектебін!» шарасы мамыр айының соңында еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.

 



Қаралым: 163
Жарияланған: 17 Мамыр