Жаңалықтар

Елші құрметіне қазақ домбырасында тарантелла ойналды


Назарбаев Зияткерлік мектептері бүгін Италия Республикасының  Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуале Д'Авиноны қабылдады.

Басқарма төрайымы Куләш Шәмшидинова алдымен мәртебелі мейманға Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде экскурсия жүргізді. Атап өту керек Италияның жаңа елшісі зияткерлік мектептерге алғаш рет келуде.  

Паскуале Д'Авино Қазақстандағы білім берудің серпінді жобасына айналған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту үдерісімен танысып оқу орынға жоғары баға берді. Әсіресе мектептің домбыра оркестрі елшіге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар әйгілі тарантелланы домбырада ойнап Италия мәдениетіне құрмет көрсетті. Паскуале Д'Авино мектеп оқушыларын маусым айында Италия Республикасының күніне орай өткізілетін дипломатиялық қабылдауға шақырды. Мұнда Назарбаев Зияткерлік мектебінің ондаған оқушылары бір мезгілде аты әлемге танылған тарантелла биінің әуенін домбырада тартады.

Мектептегі экскурсиядан соң тараптар екі жақты ынтымақтастықты арттыруға бағытталған келіссөздер жүргізді.

– «Қазіргі таңда Зияткерлік мектептер желісіндегі 500-ге жуық оқушылар Италия тілін екінші шет тілі ретінде меңгеруге ынталы. Біздің ынтымақтастығымыз Италияның жетекші жоғары оқу орындарында мектеп түлектерінің гранттарға ие болуына жол ашады. Италия мемлекет ретінде, өзінің байырғы тарихы мен мәдениеті арқылы біздің жастарды қызықтырады. Зияткерлік мектептердің түлектері Италияның үздік жоғары оқу орындарында техникалық, инженерлік және сәулет құрлысы салаларында білім алуға қызығушылық білдіруде», – деді өз сөзінде бақарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.

Паскуале Д'Авино мырза «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі» оқу-тәрбие жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына тәнті болғандығын жасырмады.

– «Біздер зияткерлік мектептердің бастамасын қолдауға әзірміз және менде, жекелей өзім, екі жақты қарым-қатынастың жаңа деңгейге шығуына жұмыстанатын боламын. Италия білім беру саласында көп тәжірибеге ие. Мысалға Болоньені алып қарайтын болсақ мұна алғаш университеттің қабырғасы қаланды. Өздеріңіз білетін Пизада Галилео Галилей физиканың негізін қалады. Ғылым мен білім саласынан бөлек біздер, көшбасшылық және функционалдық сауаттылықты арттырудың маңыздылығын жақсы түсінеміз. Бұл арада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік саясатын анық аңғаруға болады. Маған сіздердің тәжірибелеріңіз, білім мен тәрбиені тиімді ұштастырудың амалдары өте ұнайды», – деді Италия елшісі Паскуале Д'Авино.

 

 

 



Қаралым: 158
Жарияланған: 16 Мамыр