Жаңалықтар

Ақназардың Вьетнамдағы алтын медалі


Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Қажымұрат Ақназар физика пәнінен Азиялық 19-шы Халықаралық олимпиадада алтын жүлдеге ие болды.

Ханой политехникалық университетінде өткен олимпиадаға әлемнің барлық елдерінен келген 185 оқушы, жетпіске жуық делегация және бақылаушылар қатысты.

Қазақстаннан барған құрамада еліміздің алдыңғы қатарлы мектептерінің үздік оқушылары болды.

Азия олимпиадасы – физика пәні бойынша 2000 жылдан бастап Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін бірегей зияткерлік байқау болып табылады. Тапсырмаларының күрделілігі бойынша физика пәнінен халықаралық олимпиададан да асып түседі. Олимпиада нәтижесінде Ақназар Қажымұрат өзінің жетінші алтын жүлдесіне ие болды.

Ақназар Вьетнамда өткен марапаттау рәсіміне қатыса алмады, себебі ол АҚШ-та өтетін сайысқа тағы да еліміздің намысын қорғауға аттанды. Бүгінгі таңда Зияткерлік мектептің оқушысы Питтсбург қаласында (Пенсильвания штаты), өтіп жатқан Intel ISEF-2018 атты оқушылар арасындағы халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысуда.

 

 

 



Қаралым: 205
Жарияланған: 15 Мамыр