Жаңалықтар

Алматы оқушылары екі дүркін жеңімпаз атанды


Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары робот техникасы және жаңа технологияларға байланысты V республикалық ашық чемпионатта Almaty Tech Cup атты қала әкімінің кубогы мен халықаралық World Robot Olympiad 2018 олимпиадасының кезеңінде айтарлықтай жеңіске жетіп, екі дүркін жеңімпаз атанды.  Almaty Tech Cup чемпионатына республикадан 300-ге жуық команда қатысты. Соның тоғыз командасы Алматы қаласы ХББ НЗМ-ның оқушыларынан құралған. Almaty Tech Cup чемпионаты бойынша зияткер мектеп оқушылары үздік деп танылып, Алматы қаласы әкімінің кубогын иеленді.  11-сынып оқушысы Алимжан Кеңесбеков, 8 сынып оқушысы Шыңғыс Қуанышбай бірінші орын, 10-сынып оқушысы Ескендір Асанқұл екінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Халықаралық WRO 2018 олимпиадасының іріктеу кезеңінің үш санаты бойынша  барлық бірінші орынды  Алматы қаласы ХББ НЗМ-ның оқушылары  жеңіп алды.  Алимжан Кеңесбеков, Асылбек Сәкенов ,Ансар Амантур ,Мирас Зәкәрианов, Данил Прохоренко, Никита Носков, Балгабай Шынгысбек, Раимбек Жан, Адил Есимхандар өз санаттары бойынша бірінші орынды иеленіп керемет нәтиже көрсетті. Футбол роботтары санаты бойынша бірінші орынды Алибек Куантхан және Алан Бердикулов алды. Әділқазы мүшелері НЗМ-ның оқушылары өз жобаларын ағылшын тілінде қорғағанын  айтып өтті.  Ендігі мақсат маусым айында Астанада өтетін республикалық WRO – 2018 бәсекесіне жақсылап дайындалу.

 



Қаралым: 218
Жарияланған: 10 Мамыр