Жаңалықтар

Жас химиктердің жетістіктері


Астана қаласында орта мектептер, гимназия мен лицей оқушылары арасында химия пәнінен үздік ғылыми жоба «Химик-зерттеуші» халықаралық байқауы өтті. Байқауда Тараз қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары І және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болған екі жобалық жұмыс ұсынды.  

Байқаудың жеңімпаздары – 10-сынып оқушылары Халмухамедова Юлдуз бен Кенешбекова Аружанның зерттеу жұмысы металл өндірісі қалдықтарынан магниттік ұнтақ алуға бағытталған.   

– Бұл магниттік ұнтақты қатты дискілер өндірісінде, фармакокинетикалық зерттеулерде және дәрі-дәрмектер мен гендерді мақсатты жеткізуде пайдалануға болады, – деп бөлісті бізбен жоба авторларының бірі Юлдуз.

12 сынып оқушылары Рахимов Дамир мен Батырбаева Аиданың химия пәнінен жүргізген зерттеу жұмысы «Сутекті отын тасығыштары ретіндегі гидридтерді тұрақтылыққа зерттеу» деп аталады. 

– Қазіргі таңда сутекті отын кеңінен пайдаланылмайды, өйткені оны қауіпсіз сақтау және тасымалдау мәселелері туындайды. Ғылыми қауымдастық сутекті гидридте сақтауды ұсынады, ал біз осы қосылыстардың тұрақтылығын тексеріп, перспективалық гидридтерді іздеудің неғұрлым оңтайлы тәсілін ұсынуға тырыстық, – дейді жас химиктер.

 



Қаралым: 137
Жарияланған: 17 Сәуір