Жаңалықтар

Зияткерлік мектептерінің кітапханалары – СSLA Journal жарық көрді


Америкалық кітапханашылардың танымал СSLA Journal кезекті нөмеріне қазақстандық әріптестері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қызметкерлері – Аида Ағаділ, Ольга Саламахина және Гүлмариям Түбекбаеваның кәсіби жетістігіне арналған мақала жарық көрді.

Қазақстанның алдыңғы қатардағы мектептерінің кітапхана ісіндегі инновациялық тәжірибесі CSLA Колифорниялық мектеп кітапханашылары ассоциациясының, яғни американдық әріптестердің қызығушылығын оятқан болатын. Ассоциацияның ресми басылымында – СSLA Journal-ының жаңа нөмірінде IASL Мектеп кітапханашыларының халықаралық ассоциациясының былтырғы жылы Лонг-Бич қаласында өткен форумдағы халықаралық тәжірибелер туралы мақала шықты. Мақала авторы, Калифорниялық кітапхана ісінің маманы Джейн Лофтон қазақстандық топ, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қызметкерлері – Аида Ағаділ, Ольга Саламахина және Гүлмариям Түбекбаеваның баяндамасын атап өтті.

- «Кітапхана – бүкіл мектептердің орталық тоғысқан жері. Кітапханашылар өте ауқымды бағдарламалар тізбегін ұсынды, онда оқуды дамытуға, ынталандыру мен ішкі жан-дүниені байытуға аса мән берілген. Назарбаев Зияткерлік мектептері балалармен жұмыс жүргізудің тиімді тәсілдерін іздеп қана қоймай, бүкіл ұжымы мен кітапханашылары өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру және жинақталған тәжірибені басқа мектептерге тарату бойынша жақсы жұмыс жүргізіп келеді. Демек, бұл мектептерге салынған инвестиция бүкіл елге тарауда», - деп жазады Калифорниялық мектеп кітапханашылары ассоциациясының бұрынғы президенті Джейн Лофтон өзінің «Халықаралық тәжірибе... Лонг Бичте, Калифорния» деген мақаласында.

Зияткерлік мектептердің кітапханашылар жыл өткен сайын халықаралық ынтымақтастықты арттыру үстінде. Америка, Ресей, Корей, Хорват, Үндістан және басқа да елдердің кітапханашылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесіне қызығушылық танытуда. Біздің кітапханашылардың кәсіби жетістіктері әлеуметтік желілерде  кәсіби басылымдар мен салалық чаттарда қызу насихатталуда. Халықаралық сарапшылар Зияткерлік мектептер кітапханашыларының білім беру процессіндегі ролі ерекше деп есептейді.

 



Қаралым: 56
Жарияланған: 16 Сәуір