Жаңалықтар

Конституциялық Кеңесі мүшелерімен кездесу өтті


Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Конституциялық Кеңес мүшелерімен «Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету» атты тақырыпта кездесу өткізді.

Кездесу жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, өскелең ұрпақ арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатындағы жоба аясында ұйымдастырылды.

Конституциялық Кеңес мүшелері – Виктор Александрович Малиновский және Үнзилә Шапакқызы басты мемлекеттік органның қызметі, конституциялық заңнаманы қамтамасыз етудегі маңызды рөлі жайлы айтып берді. Үнзилә Шапакқызы Конституцияның не себепті «Ата заң» аталатыны туралы, Конституциялық Кеңестің тарихы мен құрылымын  жас интеллектуалдарға  түсіндірді. Үнзилә Шапакқызы Конституциялық Кеңес мүшесі болумен қатар мемлекет  және құқық теориясы негіздеріне арналған жүзден аса мақалалар мен оқулықтардың авторы. Сондықтан да болар мол мағлұматтарға толы ана тіліміздегі таныстырылымды оқушылар асқан қызығушылықпен тыңдады.

Сондай-ақ кездесуде Зияткерлік мектеп оқушылары конституциялық үдерістердің тұрақты қатысушысы, ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу бойынша құрылған жұмысшы топтың мүшесі болған  Виктор Александрович Малиновскиймен танысты. Виктор Александрович кездесуге қатысушыларға конституциялық бақылау институтының рөлі, Конституциялық Соты туралы айтып берді.

Сонымен қатар кездесуге келген оқушылардың назарына тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы конституциялық даму кезеңдерін жария ететін тақырыптық көрме ұсынылды.

 

 

 



Қаралым: 182
Жарияланған: 13 Сәуір