Жаңалықтар

Олимпиада жеңісі және ҚазҰУ гранттары


«Әл-Фараби» республикалық олимпиадасында Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі екі бірінші орынды жеңіп алды.

Олимпиаданың екі кезені онлайн режимінде өткізілді, алғашқы кезенде тоғыз мыңға жуық студент қатысты. Олардың ішінде 70-і Алматыда үшінші раундқа шақырылды.

10 сынып оқушысы Алишер Омарбеков химия пәнінен 11 сынып оқушыларына арналған олимпиадаға қатысты. Оның айтуы бойнша, үшінші қезен үш бөлімнен болды: алдымен сегіз тапсырманы екі сағат ішінде шешу ұсынылды, екіншісі – сынақтағы затты аңықтау, ал үшіншіде – «Қазіргі заманның ғаламдық мәселелері және оларды шешудегі химияның рөлі» тақырыбына эссе жазу. Ол климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаның ластануын негізге алды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Алишер І орынға иеленді. Енді жас жігіттің екі жыл оқуы барына қарамастан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның гранты бар.

– Алишер бірінші орынға ие болғаны таңқаларлық емес. Ол барлық пәндер бойынша терең білімге ие, – дейді олимпиадаға дайындықты үйлестірушісі Жанар Абишева.

12 сынып оқушысы Бекзат Бақытбекова да I орынды иеленді. Ол математикадан тамаша білімін көрсетті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Бекзат дипломмен марапатталды және, тиісінше, университеттің грантына ие болды.

«Әл-Фараби» республикалық олимпиадасын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен болды. Үшінші кезең университеттің базасында өтті.

 



Қаралым: 54
Жарияланған: 13 Сәуір