Жаңалықтар

Жас дипломаттардың халықаралық ойындары


Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ресейдің Челябинск қаласында өткен ІІ Халықаралық дипломатиялық ойындарының жеңімпаздары болып атанды. Аталған сайыс А.М. Горчаков атындағы жария дипломатия қорының қолдауымен Челябинск қаласындағы мемлекеттік университетте өткізілді.

Камбар Оразбеков, Ернар Аменов, Толеген Борашев, Дарья Власенко, Анель Калиева, Аружан Муратбекова және Аида Тиштенова сайысқа қатысу мақсатында дайындықты екі ай бұрын бастаған. Іріктеу кезеңінің талаптарына сәйкес, Шанхай ынтымақтастық ұйымы жайында құжаттармен және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде талдамалық мақалалармен танысып, оқушылар ұжымдық эссе жазды. Сайысқа дайындалу кезінде, 7 қатысушылардың бесеуі әр-түрлі сыныптарда оқығандықтан, бір уақытта бірге жиналуға қиын болатын. Финалға шыққандарын естігенде, оқушылардың қуаныштарын шек болған жоқ.

Жеребе салу арқылы ұйымның мүшесі – Үнді елінің атынан,  оқушылар сайыстың 5 кезеңіне қатысты. Оқушыларға ШЫҰ-ның құрылымымен және қызмет түрімен ғана таныспай, сонымен қатар анықталған елдің саяси, экономикалық және мәдени өмірін көрсете алуы талап етілді.

«Визитка» – аталмыш елді таныстыру және «Дүниежүзілік қауымдастыққа үндеу» кезеңдерінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалып, ал басқа үш кезеңдерде оқушылар зияткерлік қабілеттерін көрсете алды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, дипломатиялық құжаттар дайындап,  Үнді елі жайында видеобейне түсіріп, шығармашылық нөмірлерді көрсетті. Оқушылар Үнді елінің заманауи келбетін көрсетуге тырысты. Қазіргі таңда Үндістан – халқы тығыз орналасқан және әлеуметтік мәселелерге толы ел ғана емес, ол заманауи технологиялары, үздік ғалымдары бар, экономикасы қарқын дамыған ел. Берілген тапсырмаларды сүрінбей орындап, біздің оқушыларымыз үшінші орынға ие болды.

Қатысушы топтың тәлімгері, Көкшетау қаласындағы Зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Зикирина Гульсара Бекенованың ойынша, оқушылардың осындай сайысқа қатысқаны баға жетпес тәжірибе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Қаралым: 226
Жарияланған: 14 Ақпан