Жаңалықтар

Директордың күнделігі тұтас «бес»


Бүгін Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Әбдірахманова Қаракөз Ізбасарқызының мерейтойы.

Қаракөз Ізбасарқызының кәсіби мансабы Зияткерлік мектептер директорлығына толықтай сай келеді. Педагогикалық университет, мектептегі мінсіз жұмыс, тізбеленген жетістіктер, атақтар мен марапаттаулар, әріптестерінің алдындағы құрметі және Зияткерлік мектептерге шақыру барлығы жүйе-жүйесімен жалғасып келеді. Кәсібің қабілетіңмен сәйкес келгені қандай бақыт. Бүгінде Қаракөз Әбдірахманованың директорлық күнделігінде тек қана бестіктер тізбектелген.

Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, құрметті Қаракөз Ізбасарқызы! Шаңырағыңызға шаттыққа толсып, қызметіңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіз. Жағымды жаңалықтар мен қуанышты сәттеріңіз көп болсын!

 



Қаралым: 310
Жарияланған: 12 Ақпан