Жаңалықтар

Зияткерлік мектептер халықаралық Жәутіков олимпиадасында


Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарына кірді.

Алматыда математика, физика және информатика пәндері бойынша дарынды оқушыларға арналған Олимпиада осымен он төртінші рет өтті. Халықаралық олимпиадаға Қазақстан оқушыларымен қатар олардың шетелдік  құрдастары да қатысты. Олардың бәрі – мамандандырылған мектептердің үздік оқушылары. Зияткерлік мектептер тобының құрамына бес қаладан
14 оқушы кірді.

Халықаралық олимпиаданың қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары екі алтын, екі күміс және алты қола медальді жеңіп алды. Физика пәні бойынша алтын медальді Ақназар Қажымұрат (Алматы) және Дияр Туленов (Павлодар) жеңіп алса, қола медальді Теңіз Ибраев (Семей) және Ислам Амангельді (Алматы) иеленді. Математикадан күміс медальға Арман Болатов (Талдықорған) және Әлібек Оразалин (Алматы) ие болса, қола медальді Артур Пак (Талдықорған), Темірлан Нурлигенов (Қарағанды) және Ақмарал Жакибаева (Алматы) жеңіп алды. Семей қаласының оқушысы Теміржан Юсупов информатика пәнінен өткен байқауда қола медальдің жүлдегері атанды.

– «Мен Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадаға үшінші жыл қатарынан қатысып, физика пәні бойынша екінші рет алтын медаль алып отырмын. Менің олимпиадада сәтті нәтиже көрсетуіме мектепте жинақталған білімім себеп болды деп білемін», – деп атап өтті Зияткерлік мектептерінің танымал оқушыларының бірі Ақназар Қажымұрат. Оның қоржыныда елдегі және шетелдегі ең танымал олимпиадалардың бірнеше дипломдары мен медальдары бар.

 

 



Қаралым: 197
Жарияланған: 16 Қаңтар